ТЫҢ ИДЕЯЛАР ЖАҢА ЛЕП ҚАЙДА..?!!!

Күлкім келеді…
Біреулер 30 жылғы жүйенің былығын кешіре қалайық та, осы ескі жемқор гвардиямен “Жаңа

 

” құра қалайық дейді.
Кімді алдағысы келеді? Өзін бе? Өзгені ме?
30 жыл ішіп-жеп қалған “ауыздар” аппетитін тия қояды дей ме?
Менделеев кестесіндегі байлықтың үстінде отырып, туған халқының әлеуметтік жағдайын реттей алмаған “реформаторлар” жаңа революциялық бағдарлама ұсына қояды деп ойлай ма?
Бюджеттің кіріс бөлігін мұнайдан түскен қаржыға жауып, экономиканы әртараптандыруға әлі келмей, халықты қытайдың алмасына, қырғыздың көйлегіне, түріктің сүлгісі, белорустың ірімшігіне кіріптар етіп қойған мемлекеттік менеджерлердің миы бір күнде өзгеріп кетіп, экономикалық “чудо” орната қояды деп ойлай ма?
Автократиялық режимнің орнауына атсалысып, қазір көршінің дегенімен жүріп-тұрып отырған шалабілімді идеологсымақтар ғайыптан демократ бола қалады деп ойлай ма? Онда Жанболат Мамай мен Ермек Нарымбайың түрмеде неғып жатыр? Тіркеліп жатқан тәуелсіз партияларың қайда? Арман Шораев пен Досым Сәтпаевтың сыртынан домалақ-арыздар неғып көбейді? Мемлекеттік баспасөзде нағыз оппозиционерлердің қарасы неғып көрінбейді? Сыртта қуғында жүрген саяси күрескерлер неғып қайтпай жатыр?
Қаңтардан бері 4 ай өтті. Біртұтас қоғам орнауына ықпал ететін жаңа, тың идеялар қайда? Жаңа леп қайда? Қоғамды дүр еткізетін жаңа идеологиялық шешімдер қайда?
Бұлардың энергиялары сарқылған, идеялары біткен, жаңа, жасампаз қоғам орнатуға, мықты әрі ашық экономика құруға дәрменсіз, тек инерциямен күнелткен ұлттың тағдырына селсоқ қарайтын ескі жүйенің кадрлары. Олар ештеңе өзгерте алмайды. Кеуіп қалған лимонды қанша сықсаң да сок шықпайды!
Қоғамның талабына жауап беретін жаңа энергия керек! Ал жаңа қуат көздері тек қана жаңа прогрессивті кадрларда!

 

Дина Елгезектің фейсбук парақшасынан