Тыныс-тіршілігің қалай, Түпқараған?

Түпқараған ауданы — Маңғыстау облысының батысында орналасқан аудан. Шығысында Маңғыстау ауданымен, оңтүстігінде Мұнайлы ауданымен шектеседі. Аудан Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Орталығы — Форт-Шевченко қаласы. Түпқараған ауданы 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, 1972-1992 жылдары Форт- Шевченко қалалық әкімдігі аумағы болып, 1992 жылдан қазіргі күнге дейін Түпқараған ауданы деп аталып келеді. Жер аумағы — 13,3 мың км2 . Аудандағы 6 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 3 ауылдық округке біріктірілген.

Көрсеткіштері көңіл көншітеді

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес — 2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.

Ауданда 3 ауыл шаруашылығы серіктестігі, 115 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС асылтұқымды түйе мен жылқы, «Қарағантүбек» ЖШС асылтұқымды қаракөл қой мен адай жылқысын, «Алтынай» ша- руа қожалығы асылтұқымды түйе мен жылқы малын, «Байболат» шаруа қожалығы асылтұқымды қой, жылқы, түйе малын өсіреді.

Асылтұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға (қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге, шығынның 50%-на дейін жабуға) бюджеттен 2014 жылы 7 млн. 454,5 мың теңге (2013 жылы 18,5 млн. теңге) субсидия бөлінді. Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бюджеттен 2014 жылы 30 млн. 880 мың теңге (2013 жылы 24 млн. 750 мың теңге) субсидия бөлінген. Жергілікті бюджеттен 2015 жылдың 6 айында мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапа- сын арттыруға 10 млн. 283,5 мың теңге субсидия төленді.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өндірген өнімдер: сүт, ет және бақша, көкөніс өнімдері аудан және облыс тұрғындарына қолжетімді бағамен өткізіледі. Сонымен қоса, «Таушық» ЖШС облыстағы ірі мұнай компани- яларын, облыс орталықтарындағы бірнеше ірі сауда орындарын шұбат өнімімен қамтамасыз етуде. 2015 жылдың 1 қыркүйек жағдайына барлық мал басы 64280 басты құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 314 басқа не- месе 0,5 пайызға артты. Ауыл шаруашылығының нақты көлем ин- дексі 2015 жылдың 6 айында 2014 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға өсті.

maxresdefault

Егініміз бітік

Ауданның «Сәубет», «Қошанай», «Долапа», «Жарыауыл» жерлерінде егін шаруашылығы бар. 2015 жылы барлығы 29 шаруашылық 197,6 га жерге егін екті, 9 млн. 119 мың теңгенің субси- диясы берілді.

Озық ылғал үнемдеу технологиясы — тамшы- латып суаруды енгізу және жылыжайлар санын арттыру арқылы егістік көлемі ұлғайтылды. Ылғал үнемдеу технологиясы — тамшылатып суаруды қолдану жүйесін енгізу жылдан-жылға артуда. Соның нәтижесінде 2015 жылы 55,5 га егістік жер тамшылата суару технологиясымен қамтылды. (2014 жылы — 4,5 га, 2013 жылы — 8 га)

Ауданда көлемі 1,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 1 жылыжай және көлемі 0,3 га фермерлік үлгідегі 1 жылыжай бар. Ауданға азық-түлік тауарлары облыс орталығындағы көтерме сауда базарларынан жеке кәсіпкерлер арқылы тасымалданады. Сауда орындарында сатылатын негізгі азық- түлік тауарларының бағалары облыстағы орташа бағалардың деңгейінде, азық-түлік тапшылығы жоқ.

Жергілікті жерде өндірілген ауылшаруашылық тауарларымен аудан тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты түрде ауданның ауылшаруашылық құрылымдары өндірген ауылшаруашылық тауарларын (балық, ет, сүт, көкөніс пен бақша өнімдері) жәрмеңкелерде өткізу практикасы қолға алынып, жақсы нәтижесін беруде.

Аквариумда 28 мың балық өсіріледі

Ауданда бекіре тұқымдас балық өсіретін біре- гей ферма бар. Мекеме «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мұнайлы аймақта балық шаруашылығының өрісін кеңейтіп отыр. «Бекіре-Аралды» — Маңғыстау облысында балық шаруашылығымен айналысатын бірегей ферманың бірі.

 Орталық 20-дан аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда аквариумдарда 28 000 балық өсіріліп, сатылымға шығарылды. Ферма өте сирек кездесетін ақ балықты да өсіреді. Ерекше күтімді қажет ететін балықтар күніне 10 рет тамақтандырылады.

— Ұсақ бекіре шабақтарды Атырау мен Ал- маты облысындағы зауыттан алдырсақ, оларға жемді көрші Ресейден арнайы алдырамыз. Тұщы суда бассейнде өсіріледі. Қызыл балық дейтін — қызыл кітапқа енгізілген балық. Оны өзіміздің заңымызға сәйкес, теңізден аулауға болмайды. Сондықтан да сол Маңғыстау елінде, теңіздің қасында тұрып, неге өзіміз сол балықты халыққа өнім ретінде ұсынбасқа деп, сол шауашылықты бастап, жүзеге асырып жатырмыз. Енді ол өнімі жөнінде де ары қарай жоспарларымыз бар. Құрал-жабдықтарды Ресей елінен алдық. Ешқандай қиындығы болған жоқ. Кәдімгі өздері әкеліп, қиындықсыз сол жаңағы одақтарымыздың келісімшартқа келгендігінің арқасында жеткізілді, — дейді Тұрсынгүл Жақыпова.

Маңғыстауда кенжелеп қалған саланың бірі — балық шаруашылығын дамытып отырған мекеме өз өнімін Қазақстанның басқа да қалаларына экспортқа шығаруды жоспарлауда.

Айман ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ