«ТЖ мерзімін ұзатру – қазіргі қалыптасқан жағдайдағы ең қажетті әрі дұрыс шешім

Нұр-Сұлтанның Қоғамдық кеңесінің мүшелері қала тұрғындарын шыдамдылық танытып, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Қазақстандағы ТЖ мерзімін 11 мамырға дейін ұзарту – қажетті, дұрыс әрі қазіргі жағдайдағы ең тиімді шешім. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлеуғазы Нүркенов Президент пен билік органдары халықтың денсаулығы мен өмірін, сондай-ақ қиын кезеңде мемлекет экономикасын сақтауға бағытталған шаралар қабылдауда деп есептейді. «Мен, республика азаматы, елорда тұрғыны ретінде биліктің адамдардың өмірі мен әл-ауқатын сақтауға бағытталған іс-әрекетінің барлығын қолдаймын. Қазақстан дер кезінде қабылдаған шаралардың арқасында COVID-19 пандемиясына байланысты тап болған бұл жағдайды абыроймен жеңіп, аз шығынмен шығатынымызға сенімдімін. Індеттің шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Жақын арада үйреншікті өмір салтымызға қайтып ораламыз. Балаларымыз бен немерелерімізбен жиналып, театрға барып, саябақта серуендеп, табиғат аясында демалып, спортпен шұғылданамыз. Алайда дәл қазір олай етуге болмайды. Сондықтан Нұр-Сұлтан тұрғындарын шыдамдылық пен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды күтіңіздер», — деді Т.Нүркенов. ТЖ режимі Қазақстанда 16 наурызда жарияланды. Осы аралықта 4 миллион 250 мың адам қаржылық көмекке ие болды. 570 мыңнан астам адам азық-түлік жиынтығын алды. 1,1 млн қазақстандықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан қаржы бөлініп жатыр. Nur Otan белсенді жұмыс істеуде. Бұған қоса, елімізде 1,6 млн адам сәуір-мамыр айларында коммуналдық төлемді төлеу үшін мемлекеттен көмекке ие болады. Сондай-ақ 1, 6 млн азамат пен 11,5 шағын және орта бизнес нысаны жалпы сомасы 360 млрд. теңгеге несиесі мен қарызын кейін төлеу мүмкіндігіне ие болды.