Уайымды жеңілдету үшін…
— Уайымым жеңілдеу үшін не істеймін?
— Білесіз бе, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Алла Тағала əрдайым истиғфар (кешірім) айтуды əдет еткен пендесіне кез-келген ауыр жағдайдың шешімін көрсетіп, барлық уайымын жеңілдетеді». (Хадис)
— Онда не істеу керек?
— Қиын түгі де жоқ. Тек күніне 70 немесе 100 мəрте «Əстағфируллаһ уə əтубу илəйһи»(мағынасы: Аллаһым! Өзіңнен кешірім сұраймын жəне Саған тəубе етемін) деп шын жүректен айтуды əдет етсеңіз, Алланың қалауымен бəрі жақсы болады. Бір сөзбен, өмірде жолыңыз мүлдем ашылады. Тағы айтам, осылай айтуды тоқтатпа. Бұл айтқаным, жақсы əдетіңнің қатарынан табылсын!