Уақытша тіркеуден кімдер босатылады?
Уақытша тіркеуден босатылатын азаматтардың санаты белгілі болды. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Осы жағдайға байланысты Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі арнайы шешім қабылдапты.
«Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, Үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізілді», — деп жазды Сәдубаев.
Үкімет қаулысы уақытша тіркеуге тұруға міндеттелмейтін азаматтардың санатын қарастырады. Олар:
16 жасқа толмаған балалар;
Науқас азаматтар және емделіп жатқандар;
Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер;
Әскердегі сарбаздар.