Уәли хан кесенесі ел қамқорлығында

Елді еңселетіп,  рухты жандандыратын игі шаралар…

Ақмола облысынада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласын халыққа насихаттау  тыңғылықты атқарылды. Нәтижесінде арнаулы  бағарлама бекітіліп, ұйымдастыру  комиссия тағайындалып, жобаға кірген іс шаралар қарқынды басталып жатыр. Осыған орай, жобада қарастырылған  «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Тарихи тұлғалар» аталымдары бойынша өңірде атқарылған игі істен оқырмандарды  құлағдар етуді жөн көрдік.

Ақмола облысын әкімі М.Мырзалиннің тапсырмасымен  Уәли хан кесенесiн абаттандыру қолға алынып, игі істер атқарылып жатыр. Осы атқарылып жатқан істің барысымен әкім өзі тікелей танысып,елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын игі істің мақсат, мүделері жайлы  еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдармен кеңесіп, ой бөлісті.

Көкшетаудың іргесіндегі  Қазақстан ауылы маңындағы биік төбеде  орналасқан. Бұл төбеде хан тұқымының зират қорымы болған деседі. Қорым дағы зират талай рет тоналған. Осы маңда мал қайырып  жүрген балалар жер бетiнде шашылып жатқан адамның сүйектерiн  тауып алып үлкендерге айтқан. Адам сүйектерін көрген ауыл тұрғындары, оларды қайта көмеді. Уәлиханның зиратында тек белгі тас болыпты. Оны хан зиратының басына ханның немересi 1804 жылы қойған екен. Бірақ, тың игеру жылы. Жаппай жер жыртқанда, белгі тас құлап қалады. Оны Көкшетаулық азаматтар тауып алып, 2008 жылы ханның 270 жылдығына орай кесенемен бірге тұрғызады.

Қазақтың  хан, билерінің сүйегі Түркістанда жерленетін салт Уәлиха тұсында неге орындалмай қалғаны жұмбақ . Бірақ, сол кездегі патшалық ресейдің жымысқы саясаты, ішкі тартыстың салдары десек, жөн болады.

Хан кесенесі басындағы кеңесте әкім М.Мырзалин:- Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласына кеңнен тоқталумен қатар, кеңес кезінде еленбей қалған, қазақтың тарихи тұлғалары, киелі жерлерді ардақтау, тарихи мұраларды қорғау тәуелсіздік жылдары қайта жаңғырғанын атап өтті.

Ел тәуелсiздiгiн алған соң, тарихи мұралар, кесенелер, ескерткіштерді қорғайтын тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы құрылып, бұл жердi мемлекет қорғауына алды. Ендi оны «Азия-Агрохим» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi «Туған жер» бағдарламасы шеңберiнде өз қаржысына абаттандырып жатыр. Бұл аталмыш бағдарлама бойынша облыста жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында Қазақстанның киелi жерлерiнiң тiзiмiн жасау туралы тапсырма берген болатын. Осы күнi бұл жоба елiмiздiң барлық өңiрлерiнде қолға алынып, нақты жұмыс атқарылуда. Оның iшiнде киелi орын болып саналатын және ел тарихында елеулi орын алатын тарихи тұлғалардың жерленген орындары мен құнды жәдiгерлердi анықтап, жан-жақты мәлiмет жинау, жұртшылыққа кеңiнен таныстыру да бар.

Уəли ханның кесенесiн абаттандыру да сол ауқымды шаралардың басы. Алдағы уақытта өзге де тарихи тұлғалардың зираты мен киелi орындарды қалпына келтiретiн боламыз. Осындай игi iстерге қол ұшын созып отырған жергiлiктi кәсiпкерлерге алғысымды бiлдiремiн», — дедi облыс әкiмi өз сөзiнде. Хан кесенесiн жаңғырту жұмысына Б. Козлов басқаратын «Азия-Агрохим» серiктестiгi демеушiлiк көмек ретiнде 6,5 миллион теңге қаржы бөлген. Ол қаржыға ескерткiштiң аумағы қоршалып, бедер тастар төселдi. Сонымен қатар, ханның басына мiнəжат етушiлер мен туристер үшiн орындықтар орнатылып, ағаш көшеттерiн отырғызу жоспарланған.Жиын соңында  ханның аруағына арнап ас беріліп, дұға бағышталды.

 

Дахан Шөкшірұлы