ҰБТ: Үш күнде 11 түлек 125 балл жинады
Ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күнінің қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 11 түлек жинады, деп хабарлайды BNews.kz.
Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 түлек жинады:
— Динара Маратқызы Матқалиева, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);
— Аружан Ерланқызы Мейірханова, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
— Рамзия Рамазанқызы Оспанова, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
— Еркежан Досенқызы Мұхаметқали, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);
— Қалдыбек Ибрагимұлы Махамбетов, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);
— Ақнұр Нұрболқызы Беркінова, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы);
— Кәмшат Болатқызы Болат, «№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі» (Семей қ.);
— Нұрасыл Ержанұлы Ержанов, «№72 мектеп-лицей» (Астана қ.);
— Дана Сүйіндікова Исмаилова, «Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ» (Павлодар обл.);
— Ақерке Маратқызы Маратова, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» (Шығыс Қазақстан облысы);
— Әділ Қуатұлы Усин, «Қызылқақ ЖОББМ» (Павлодар обл.).
Үш күннің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған 31 түлек тестілеуден шығарылды.
Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, ол жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-ын құрайды.
Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған түлектер осы жылы қайта кешенді тест тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында 1-8 тамыз аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.