ӘУЕНДІ СУБҰРҚАҚ ТҮРКІСТАННЫҢ АЖАРЫН АША ТҮСПЕК  

Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ. Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңындағы жұмыстың бүгінде қарқыны қызу.

  Рухани астана төріне әсем субұрқақ салуға тапсырыс алған «МК корпорейшн» компаниясының учаске бастығы  Жанат Қанапиннің айтуынша, жұмысшылар қауіпсіздігі мен сапа мәселесі бірінші орында.

  Шымкент және Түркістан қалаларында өндірілетін құрылыс материалдарын пайдаланып отырған мердігер компания өкілдері Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Екі аусымда жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті 33 азамат жұмысқа тартылған.

  Әуенді субұрқақтың көлемі 3891 шаршы метрді құрайды. Үстіміздегі жылдың қазан айында құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған нысан 30-тамыз  – Конституция күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған