Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айту керек…

Арақ ішкенде адам әуелі тауыс боп сыланып, сұлуланып байпаңдайды. Одан кейін маймыл болып ойнақыланып қылжақтайды. Содан әрі кәрлі арыстан боп қоқияды. Ең ақыры шошқа болып тынады.

Пифагордың жүзігіне жазылған нақыл бар екен: “Кейбір сәтті істен де сәтсіздіктің өзі артық” депті.

Төзім — тамаша сыпат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа.

Қатыныңмен ақылдас та, оның айтқанына қарсы істе.

Көп сөйлегеннің соңында қарның ашатыны несі екен?

Кей мақтаншаққа “не қылсаң да есебін тап та, өзіңді өзің мақтай бер. Қарынды үре бергендей өзіңді өзің үріп қампита бер. Жарылып кеткеніңде із-тоз да қалмастай болсын” деп ақыл айтуға болады.

Айнаға қараңыз, сволочьтың дәл өзін сонда көзіңізбен көресіз.

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІНЕН