Үйге кіргенде және шыққанда мыналарға мән беріңіз!
- Үйіңізге (өзгенің үйіне) кірерде міндетті түрде сәлемдесіп кіріңіз.
- Өзгенің үйіне есігін қағып, рұқсат сұрап кірген жөн. Арғы жақтан «бұл кім?» деген сұраққа «бұл мен, пәленше» деп атыңызды айтқаныңыз дұрыс болады.
- Есіктің ашылуын күтіп тұрғанда дәл есіктің түбінде емес, оң жағында тұрып, іштегі адам көрінбейтіндей болуы керек.
- Үйдің терезесінен немесе есігінен сығалап қарауға болмайды.
- Үйге кірген соң жан-жаққа қызығушылықпен, бажырайып қарауға, заттарға рұқсатсыз тиісуге болмайды.
- Кетерде де жылы жүзбен үй ішіндегілермен қоштасып кеткен жөн.
- Шығып бара жатып есікті қатты жаппау керек. ElAna.kz