Үйлеріңізден қонақ үзілмесін, ағайын!

Қазақ — қонақжай xалық. Бұл қасиетімізді өзіміз де мақтан тұтамыз. Алайда қонағымызға жалғыз атын сойып беретін аталарымыз пейілінен ажыраңқырап қалғандығымызды да ішіміз сезеді. Оның себебі… Себеп көп. Ең бастысы — дәстүрден ажыраңқырап қалғандығымыз. Содан бардық та қонақтың құт болып келетіндігін қаперден шығарып алдық. Болмаса біз құт сөзін қатты қадірлеген xалық едік. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деуіміз, құтты қонақ отырған орынға бала аунатып алуымыз сондықтан. Оның үстіне бізде құт бір адамнан екінші адамға дариды деген де ұғым бар. Яғни біз шаңырағымызға келер жақсылықты қонақтың келуімен бірге күтеміз. 

Рас, қазір де қонақ келеді. Бірақ қонақ берекесін көріп жатқанымыз шамалы. Себебі… Себеп көп. Соның ең бастыларының бірі — біз қонақ құтын қашырып алдық. Дұрысы — қонақты қонақ етіп күте алмадық. Бұл жердегі мәселе пейілде де, не болмаса дастарxан мәзірінде де емес, мәселе — қонақтың сол дастарxан мәзірінен %d2%9b%d0%be%d0%bd%d0%b0%d2%9bтыс қалуында. Мұндай оқшаулық үй ішілік отбасы салқындығын да қалыптастыра бастады. Ол оқшаулық — дастарxан берекесіне де әсер етті. Ойымызды жұмбақтамай басын ашып айтсақ, ол берекет үй ішілік ортада әуелі әке қолы, ал қонақ келген жағдайда ең бірінші қонақ қолы тиген ортадағы ас қойылған табақта еді. Пайғамбарымыз айтқанындай, көп қол созылған аста береке бар. Құт та, береке де сол ортадағы аста тұрды. Біз оны қажет етпей, сол астан өз тостағымызды (тарелка) бөліп алып, дастарxанның берекесін қашырдық. Бұрын ол табақта құт барын білетін келіндер қариялар сарқытын сәлем салып барып алушы еді-ау! Ал қонақ болса қалған асты анаған да, мынаған да асатып-асатып жіберетін. Бұдан кейін ол үйден құт-береке әсте үзілмейтін. Соны білген, соны түсінген қазақ «Қонақ келіп қалар ма екен» деп алаңдайтын да жүретін. Жалпы қонақсыз ас ішпеу Пайғамбарлардан қалған мирас. Мәселен Ибраxим Пайғамбар үйіне қонақ келмейінше ас ішпейтін болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әр аста қонақ несібесі бірге тұратындығын екі адамға дайындалған астың үш адамға, үш адамға дайындалған астың бес адамға жететіндігін айту арқылы ұғындырған. Біз сол өз несібесін беру қажеттілігін түсінгендіктен де қонақ күтеміз. Өйткені өз несібесін жеуге келген қонақ, өзімен бірге ала келген құтын сол үйге қалдырып кетеді. Соны білген қазақ атам итіне дейін Құтжол деп ат қойып еді-ау! 

%d2%9b%d0%be%d0%bd%d0%b0%d2%9b2Әр қазақ қонақты солай деп қабылдаса да бірде бір бидің қонақ болып түскен үйінің түйесі өліп қалыпты. Түйенің өлгеніне іші ашыған әлгі үйдің әйелі «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деуші еді, мына қонақ түйемді өлтірді. Сірә, құтсыз қонақ-ау» деп күңкілдеп қоймапты. Соны естіген би «Құтты қонақ келсе, түйесі өледі, құтсыз қонақ келсе, иесі өледі» деген екен.

Хазреті Абдулла Мубарек өте қонақжай адам болыпты. Үйіне қонақ келмесе тіпті аузына ас алмайды екен. Оның себебін сұрағанда «Қиямет күні тамақты қонақпен бірге жеген адамға сұрақ қойылмайды деп естіген едім. Сондықтан тамағымды ылғи қонақпен бірге жеймін» деген екен.

Міне, осылайша қонақтың екі дүниеде де тигізетін шарапаты бар. Ендеше, үйлеріңізден қонақ үзілмесін, ағайын!

 

Құдияр Біләл