ҰЙЫТҚЫ…
Біздің ауылда қысы-жазы ағарған үзілмейтін. Өзіңнің сиырын тумай қалдыма, су алып кеттіме, нау проблем— көршіден алып іше бересің.
«Көрші-ақысы» деген ұғымға тастай берік біздің ауылдың бір » ережесі » — ұйытқы сұрамау. Сұрамағанда, сүтті ұйыту үшін салатын айранды » Ұйытқы берші» деп сұрамайтын. «Сүтке қосатын айран» немесе «тамызық» дейтінбіз. «Ұйытқы» деуге тыйым салынған НЕГЕ?
Ұйытқы тек сүтті қоюландырып, айран жасауға ғана қолданылатыны белгілі, ал біздің ауылда ұйытқы деп сұрау — отбасының ұйытқысын сұраумен тең деп түсінеді. Сондықтан ғой сүтке салатын айран беріңізші деп сұрайтынымыз.
Үлкендер солай үйретті.
Сүтке салатын айрандыда көрінген үйден алмайтын. » Пәленше» таза (чистоплотна) ғой, содан әкел деп үйінің, ыдыс-аяғының тазалығына мән беретін.
Сонымен бірге күйеуі арақ ішіп, әйелі жылап жүретін, берекесі бес тиын болған үйденде сұратпайтын.
Білген адамға мұның өзі тәрбие, тәртіп екен-ау, бала кезде бұған мән бермеппін деп ойланып отырмын.
Есімде, көрші қыз сүтке салатын айранды » ұйытқы » беріңіздерші деп сұрап келгенде, әкем шешеме бергізбеген. Дұрыстап сұрау керек деп. Мамам орысша оқыған, ұялып жүрді біраз.
Қазақтың әр сөзінде мағына жатыр. Сіздің ауылда » ұйытқы » сұрайтынба еді?
Ботагөз Көшербай.