Үкіметтің көмегін сезінуде

Қазақстан Тәуелсіздік алған 26 жылда көп жетістікке қол жеткізді. Қаншама мектеп, балабақша салынды. Пайдалануа берілген жолдар да аз емес. Мемлекеттің осындай көмегі аясына жуырда Отырар ауданының Қарғалы ауылдық округінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Көптен күткен көпшіліктің қуанышы жөнінде аталмыш ауылдық округ әкімі Есенбай Шынтереков былай дейді:

– Өткен аптада аталып өткен Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында біздің округ тұрғындары елдің көмегін шын сезінгені байқалды. Кішкентай баладан бастап, жасы 70-80 ге келген қариялардың өзі елімізді осындай жетістіктерге жетелеген Елбасыға алғыстарын жаудырды.

Жасыратыны жоқ, кейбір елдер соғыс пен ішкі алауыздықтан көз ашпай отырғанда біздің ел тұрақтылықтың арқасында экономикалық дамуға қол жеткізді. Нақты тоқталар болсам, Темір ауылынан Түркістанға баратын жолдың тұсында ұзындығы 40 метрлік,  100 тонналық ауыр жүк көліктерін көтеруге лайықталған көпір пайдалуға берілді. Одан бөлек Қарғалы ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Оны Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашуды жоспарлап отырмыз. Ауылымыздың тұсынан өтіп жатқан облыстық деңгейдегі жолдың 6 шақырымы асфальтталды, қалған бөлігі келесі жылға қалып отыр. Ауыл орталығындағы Дүйсебаев көшесіне де асфальт төселді.  Орталықтан өтетін НС-1 деп аталатын канал бар. Осы каналдың 3 шақырымын тазалап, бетондап тастадық. Мұның барлығы мемлекеттің көмегі арқасында іске асырылап жатыр. Ол үшін ел Елбасыға риза.

Байқап отырғандарыңыздай, Отырар ауданының бір Қарғалы ауылдық округінде атқарылған жұмыстардың өзі қаншама. Оының барлығы Тәуелсіздіктің арқасы екені анық.

Р. БАЛАБИ.