Ұқсайды ақыретке қыс мегзілі

Тіршілік тына қалып, көбі өлген,

Көмусіз қалғандарды тегін көмген.

Ұқсайды ақыретке қыс мегзілі,

Қара жер аппақ қармен кебінделген.

Жаздағы өмір қайда қыбырлаған,

Жәндіктер де жоғалған жыбырлаған.

Жан алғыш періштенің қаһарындай,

Даланы аяз кезген сыбырлаған.

Алланың айшықтары — әлем деген,

Әр мезгіл Хақтан белгі жан емдеген.

Құдайым қыстан кейін көктем беріп,

Қайтадан тірілуді дәлелдеген.

©МИРАС КЕСЕБАЕВ