ҰЛ БАЛАМ ЖОҚ ДЕМЕҢІЗ!….
Ұл бала ма, қыз бала ма, артта қалсын асылың,
Іздер сені артта қалса, солар сенің жақының.
Сен де бір күн жөнелерсің, бұл дүниені тәрік қып,
Ұл да,қыз да артта қалар,шаңырағыңды жарық қып.
Қыз көрдім деп кейбіреулер қапа болар,қайғырып,
Ұл ма, қыз ба кім біледі, сені жүрер бай қылып.
Ұлды дейміз әкесіне болар кейін таяныш,
Бірақ қыздай болмас онда мейірім мен аяныш.
Бір қыз болса, үй ішінде әсем гүлдер ашылар,
Бір қыз болса, үй ішінде өмір нұры шашылар.
Қыз бала ғой, үй ішінің сәні менен ажары,
Қыз бала бар үйге ауар көпшіліктің назары.
Ей, еңселі ер жігіттер, бекер уайым жемеңіз,
Қыздарым бар, алайда ұлға зармын демеңіз.
Құдай, сізге ұлдай қылып берсін күйеу баланы,
Көңіліңнің кетер сонда ұлға деген алаңы. Санжар Ғұлама «Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім, Еттің ащы болғанын тұздан көрдім. Жас күнімде «қыз бала «- деп менсінбеп ем,