Үлгілі отбасы – ұлт байлығы
Отбасы күні мерекесіне орай «Анаға тағзым» орталығы «Отбасы құндылығы – ұлт қазынасы» тақырыбында «Мерейлі отбасы – 2023» байқауы жеңімпаздарымен кездесу ұйымдастырды. Іс- шараға Сметовтер және Өтеповтер отбасы қонаққа шақырылды. Кездесу Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрсая Ыдырыс пен «Анаға тағзым» орталығының өнерпаздарының өнер көрсетуімен басталды.
Дөңгелек үстелге Бақтыбай Сметов пен жары Тоқтагүл Мұхамедқалиқызы, сондай-ақ, Бауыржан Өтепов пен жары Алмагүл Өтепова, сондай-ақ, аталған отбасының Нұрасыл, Нұрсұлтан есімді ұлдары қатысты.
Бұл екі отбасы да биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі екінші орынды иеленгені белгілі. Сондықтан, бұл отбасыларымен кездесуге қызығып келгендер көп болды.
Отағасы Бақтыбай Сметов жеке кәсіппен айналысады. Еркін күрестен спорт шебері. Қазіргі таңда ұлы Елдос Сметов – Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері. Жандос спорт саласында жаттықтырушы болса, Бақберген Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі. Отанасы Тоқтагүл Сметова да перзенттерін асыл құндылықтарға тәрбиелеген ұлаға тиесі. Бұл күнде отбасындағы үш перзенттен 11 немере бар.
Ал, Бауыржан Өтепов жары Алмагүлмен бірге төрт ұл- қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. Отбасын құрғандарына 16 жыл. Бауыржан Байзақ аудандық ауруханада білікті дәрігер болса, жұбайы Алмагүл педагогика ғылымдарының магис рі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы.
Кездесуге келушілер бірі спорт, бірі білім саласының үздіктері атанған екі бірдей отбасының осындай жетістікке жетуіне не себеп болғанын, үлгілі отбасы болудың құпия- сырлары неде екенін білгісі келді. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кеш соңында «Анаға тағзым» отбасының директоры Эльмира Мырза-Ғали қадірлі қонақтарға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Есет ДОСАЛЫ, Ақ жол газеті