Әулиета аспаны ат тұяғының дүбіріне бөленді

Әулиеата аспаны ат тұяғының дүбіріне бөленді. Бектөбе атшабарында ауыздықпен алысқан арғымақтар аламаны жалауын желбіретсе, шабандоздарымыз шын шеберліктерін танытты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түндігін түрген турнирде  барлық  өңірден келген өрендер  аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату және көпардан сынға түсті. Шабандоздардың ептілігі мен күш-қайраты таразыланар тартыста  баһадүр «батырларымыз»  бабы мен біліктілігін байқатты.

Бұл сөз жоқ, соңғы бесжылдықтың ең басты бәсекесі еді.