Ұлт мұрасын ұлықтайтын ерекше жоба — Жамбыл облысында.
Тарих, табиғат және руханият бір арнаға тоғысады.
2025 жылғы мамырдың 2 мен 3 аралығында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді. Ауқымды фестивальда:
— ғылыми конференция
— қолөнершілер мен флористер көрмесі
— ұлттық ойындар ұйымдастырылады
— Бұған қоса 100 қолөнер шебері бірігіп, 200 шаршы метрлік алып КИІЗ БАСАДЫ . Бұл әлемдік рекорд! Фестиваль барысында қазақтың көне дәстүрі «Қымызмұрындық» рәсіміне куә боласыз! Сондай-ақ, қонақтар үшін дәмі тіл үйірер тағамдар ұсынылатын арнайы фудкорт алаңы дайындалады.
Өтетін орны: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есей би ауылы, Қаратау тауының бөктері.
Тіркелу үшін: taraztulip.kz cайтына өтіңіз.
Сәні мен салтанаты жарасқан фестивальдан қалыс қалмаңыз!