Ұлт сапасын жақсарту балабақшадан басталады
«Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек.
Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн.
Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауынан.
ҰЛТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Балаларға сапалы білім беру балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие баланың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Ендеше, бала өмірінің сапасын жақсартуға жұмсалған инвестиция — Ұлт сапасын жақсартуға әкеледі деп айта аламыз.
Сол себепті де мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Баланың ортаға тез бейімделуіне, жан-жақты дамуына балабақша үлкен рөл атқарады.
Дегенмен заманға сай бала тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдер өзгеріп отыратыны белгілі.
Жаңа технологияны тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтерден үлкен ізденіс пен шеберлікті талап етеді.
Осындай талаптарға сай Қаратау қаласындағы Әйгерім балабақшасында болып, бүгінгі тәрбиешілер күнімен құттықтадым.
Сонымен қатар балабақшаның ыстық тамағы, жатын орындары мен балалар қауіпсіздігін көріп қайттым.
Ас сақталатын қоймаға кіріп, тазалығына мән бердім. Тамақтың сапасы мен балаларға берілетін уақытын қарап, балалардың жағдайы барынша жасалуы қажеттігін тағы да ескертіп өттім.
Алдағы қылышын сүйреткен қысқа дайындықтарына да баса назар аудардым.
«Қазақта «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет.
Талас ауданында балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.
Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту біздің басты мақсатымыз болуы қажет.