ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛЫП КЕТТІ

Осы аптада Жамбыл облысы әкімінің 13 ақпан 2024 жылғы №18-ө өкімімен бекітілген Жамбыл облысыда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбековтің төрағалығымен 2025 жылы Қазақстан Республикасы бойынша өткізілетін «Ұлттық Ауыл шаруашылық санағы» тақырыбында кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында 2024 жылы пилоттық жоба ретінде енгізіліп отырған санақ бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне санақтың жүргізілу алгоритмі түсіндірілді.
Ол бойынша аудан әкімінің үстіміздегі жылдың 28 ақпанындағы № 15-ө өкімімен жұмысшы топ құрылып, осы өкіммен жұмыс жоспары бекітілген.
Жоспар бойынша биылғы жылы 2025 жылы Мойынқұм ауданында ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөнінде аудандық комиссиялар құру, ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөнінде әкімшілік – аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көшелердің атауын үйлердің нөмірлерін өзектендіру және нақтылау, іс-шараларды жүргізу, медиа-жоспарды іске асыру респоденттер (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ШФҚ, ДК және ЖҚШ) арасында 2025 жылы Мойынқұм ауданының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу тәртібі мен мақсаттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, 2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына пайдалану үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайындығын талдау, бау-бақша және (немесе) саяжай бірлестіктерінің (жай серіктестіктер, кооперативтер және тағы басқалар (бұдан әрі бірлестіктер) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу: әділет органдарында тіркелген бірлестіктерді өзектендіру; есепке алынбаған (әділет органдарында тіркелмеген) бір¬лестіктерді анықтау; бірлестіктің атауын, бірлестікке кіретін жер учаскесінің мекенжайын, кадастрлық нөмірін және иесінің ТАӘ, жер учаскесінің алаңын көрсете отырып, бірлестіктердің нақтыланған тізімдерін жасау, пилоттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу, картографиялық материалдары (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарларын) жасау, бекіту және ЖОСД-не ұсыну сынды іс-шараларды орындау қажет.
Аудан басшысы ағымдағы жылға пилоттық жоба ретінде енгізіліп отырған «Ұлттық ауыл шаруашылық санағын» №15-ө өкімінің қосым¬шасына сәйкес әр іс-шараны белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті мекемелерге тапсырма берді.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».