«Ұлттық идеологияның қайнар көздері»тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы, республикалық әлеуметтік-қоғамдық «Елана» ақпараттық агенттігі мен саяси партиялар, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ауыл — ел бесігі» дәстүрлі экспедициясының аясында 2023 жылдың 04-15 мамыр аралығында облысымыздың барлық аудандары мен Тараз қаласында «Ұлттық идеологияның қайнар көздері» атты көшпелі дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.


Дөңгелек үстелге 
Тараз қаласы мен аудан әкімдері, ауылдық округ әкімдері, Тараз қалалық және аудандық партия төрағалары, ардагерлер, әкелер кеңесінің мүшелері, редакциялардың бас редакторлары, ауыл шаруашылық, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие, құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар комитеттерінің мүшелері қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында, жоба жетекшісі «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы өзінің ұзақ жылғы ұстаздық еңбегіндегі мол тәжірибесіне тоқтала отырып, бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуды, ұлттық тәрбиенің рөлін арттыруды, отбасы құндылықтарын насихаттауды, ұрпақ тәрбиесіне басымдық беріп, бүгінгі буынның тәрбиесіне атсалысар  «Әкелер мектебінің» жұмысын  қалыптастыра отырып, балаларды қатыгездіктен тыйып, мейірімділікке, инабаттылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісінде екенін баса айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тәрбие түзелу үшін әлеуметтік жағдайдың да, алар орны бар екендігі, ол үшін аудан, ауылдың жай күйі, тыныс-тіршілігі оңалу керектігі туралы көкейтесті мәселелер қозғалды және оларды шешу жолдарына нақты ұсыныстар берілді.