Ұлттық сананың жаңғыруы рухани қала – Түркістаннан басталу қажет

Жасампаз еліміздің басты байлықтарының бірі – денсаулық, салауаттылық екенін айтқан облыс әкімінің орынбасары қайта жаңғыру кезеңінде спортты жаңғырту мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне тарту болған бұл спорт кешені жастардың салауатты өмірін қалыптастыруда, бұқаралық спортты дамытып, әлеуметтік жағдайы төмен аймақ жастарының спорттық санасын дамытуда маңызы ерекше болатынын атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты.

Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

 

Осы күні жұмысшы топ «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына аясында Шорнақ ауылдық округіндегі ескі Сидақ қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

 

Мәжіліске аудан әкімі Ә.Өсербаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан имамы, этно-мәдени бірлестіктер қатысты.

Сапар соңында аудан әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, онда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттердің қалада жүзеге асырылу жайы қаралды.