ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН РУХ КЕТСЕ, ЖАСТАРЫМЫЗ ҚҰРЫП БІТЕДІ!
Ұлттық руханият, ұлттық құндылықтар туралы үнемі жазып жүргендіктен «Париж-2024» олимпиядасына да қызыға көз тіктім. Себебі елдің аты, ұлттың рухы, жан жүректі тебірентетін ән ұраны екі жағдайда ғана көк аспанға ту болып көтеріледі. Біріншісі Президентінің құрметіне. Екіншісі спортшылар жеңіс мінберіне көтерілгенде!
Қалың еліміз ковиттен, су тасқынынан, өрттен, жағадан алған қымбатшылықтан шаршаған тұста, олимпияда алауы жағылып, елдің еңсесі көтерілгендей көрінді. Әйтеуір жұбаныш керек қой халыққа. Осындай сәтте Елдос Сметов баламыз дзюдо күресінен алғашқы болып алтын алды. Бұған қалай қуанбасқа! Бұған қалай жұбанбасқа! Ақ түйенің қарны жарылды деген осы емес пе! Еліміздің мерейі үстем болды! Шынашақтай ғана қазақ баласы – әлемді тамсандырды. Көк туымыз көкке өтеріліп, ән ұранымыз шырқалды. Қуаныштан, ұлтының мәртебесін биіктеткен ұлы сезімнен, бәлкім, сандаған жылдар төгілген тердің өтеуінің қайтқанына марқайған көңілден болар – Елдостың көзі мөлтілдеген жасқа толды. Еңіреп жыламаса да, еңкілдеп тұғырда теңселіп тұрмаса да – Елдостың көз жасы – қазақтың соңғы жылдардағы қиындығының өтеуіне берілген бағадай елестеді маған. Демек әр қиындықтың, әр жеңілістің, әр түңілістің артында – бір жақсылық тұрғаны анық!
Белгілі журналист Бақтияр Тайжан жазғандай, алғашқы күндері Әбиба қыз да қазақ елінің аруағын асырып тастады. Риза болдық. Шаттандық. Мақтандық. Әбиба 2023 жылы Португалиядағы Гран-при сериясындағы турнирде жеңімпаз атанған алтын қыз. Ол дзюдодан осындай беделді турнирде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық.
Орысша сұрақ қойған журналистке қазақша сұхбат берген де осы Әбиба! Оны кешегі батыр Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларының жұрнағы десек те жарасар. Жеңіске жетсе мәз болып, кимоносындағы қазақ елтаңбасын көрсетіп, қолымнан жүректі бейнелейтін сұрапыл қыз да бар құрметке лайық.
Елдосқа 100 қылқұйрық атаған мәрт қазақтар қазақта көп. Допты қисық тебетіндердің өзі сайыпқыран Елдостан көп ақша табады. Жанды дауыспен ән айта алмайтын фонограмшик, әнебір ағамыз айтып жүргендей шегірткелерге де үйіп төгіп ақша беретіндер осы жолы бір қайрат көрсету керек.
Әбиба жарақат алса да «белім ауырды», «тізем ауырды» деп жеме-жемге келгенде Олимпиада ойындарынан бас тартқан анау келемсектердей, ат басындай алтын беріп ардақтап жүрген отансыздардан барлық жағынан артық. Осы орайда айта кетейін, өз ұлың мен қызың желкелесең де кетпейді. Келімсектер ақшаң таусылса, қарасында көрсетпейді.
Елдостың күллі әлемді тамсандырған ерлігі, Ғұсманның Париж төрінде көрсеткен мінезі, Әбибаның қазақ қызына тән намысын бәрінен биік қойғаны, шыны керек, бүкіл қазақтың делебесін қоздырып, ұйықтап жатқан рухын оятып жіберді. Дәл осылай ел болып қашан қуанып едік?! Қашан бірігіп едік?! Өткеннен бері эмоциямыз басылғанмен, қуанышымыз әлі тасып тұр. Лайым, таси берсін.
Олимпиада ойындары басталар басталмастан «денсаулығым сыр берді», — деп шетке шығып кеткендерді де көрдік. Бәріміз де адамбыз ғой. Ауырамыз. Әлсізбіз. Ал, елдің сенімі ше? Қаншама жыл небір жарысты жібермей келе жатқан кейбір спортшылардың Парижге барып тұрып «тамағым ауырып тұр» дегені қай сасқаны? Жарыста жеңілсе, түсінер едік қой. Жұбатар едік. Сүйеу болар едік. Әне, кейбір елдің спортшылары құрсағындағы сәбиімен бірге беріспей семсерлесіп жүр. Иә, қазаққа алтын-күміс керек, бірақ ар-намыс одан да қымбат еді ғой. Бұл жағдайды жылы жауып қоймай, жауапты органдар назарға алуы керек деп ойлаймын. Судың да сұрауы бар!..
Спортшыларға буллинг жасау тоқтатылуы керек. Тіпті заңдық тұрғыда. Масқара ғой мынау. Тілдеудің де, мінеудің де өз орны бар емес пе! Сақал қойса вахабис, намаз оқыса адасқан, «Алланың жазуы» десе арапқұл!
Өздеріңіз ойлап көріңіздерші «Ливерпуль» мықтысы Мұһаммед Салаһ гол соққан сайын сәжде жасайды. Алпауыт Ұлы-Британия төрінде. Христиандар елінде! Бірақ, оған Исламды насихаттадың -деп айыптаған ағылшынды көрмедік.
Әр «бойға» «Біссімілләсін» айтып шығатын аңыз Хабиб Нұрмұһаммедов те дұға жасайды. Қажыға барады. Ресейлік! Америкада атой салады. Бірақ, сақалы бар, мұрты жоқ –деп оған тиіскен не орысты, не америкалықты естімедік. Бокс аңыздары Мұһаммед Әли мен Тайсон да мұсылман еді. Күні кеше Еуроның төрінде, өркениеттің өрінде отырған Герман құрамасының негізгі құрамында Рюдигер, Сане, Гүндоған, Емре Жан, Жамал сияқты мұсылмандар ойнады. Бірақ, оған немістер шала бүлініп, тілдеп, күндеп арамтер болмағаны анық!
Біз де сондай кең едік: Шекараның арғы жағынан легионер де шақырдық. Ақша бердік, аямадық, шашылдық. Светлана мен Манезаның алтынына мақтандық, Ильин мен Чиншанлоның жеңісіне шаттандық. Дініне де, түріне де қарамадық. Өнерін бағаладық. Рахимов, Муталимов, Гаджиев, Тигиев дегендер тағы болды. Соңғылары сақалды ед Ешқайсын бөле жармадық, мәртебесін асырдық, құрмет – қошеметке батырдық. Бұлардың басым бөлігі кейіннен допинг үшін медалінен айырылып қалды… сол ма еді саған керегі?
Олимпиадада алтын алған қазақ баласы — Алланың қалауы ғой, -десе несі айып???
Мың жылдан аса мұсылман болған, Түркі даласында Қарахан секілді Ислам мемлекетін құрған, Алтын Ордасы шариғатпен басқарылған, Әз Тәукесі «Жеті жарғыны» шариғат бойынша жазған түркілердің мұрагері біз емес пе? Әл Фараби, Иүгүнеки, Баласағұни, Сығанақи, Иассауилерден де, безінесіңдер ма? Мұсылман болған, сақалды деп…
Қазақтың мұсылман болғанын айғақтап тұрған Иасауи, Арыстан баб, Қарахан, пір Бекет, Сайрамдағы сансыз бап, Тектұрмас, Қарабура, шашты Әзіз сияқты әулиелерді қайтесіңдер? Қазақтың бүкіл хандары, батырлары мұсылман болған. Оны не істейсіңдер ал? Алланың өзі де рас, сөзі де рас — деген Абайды қайда қоямыз? Көзін ашқаннан «Құдай қаласа», «Алла қаласа» – деп өскен қазақ баласын Алланың қалауы –деп айтқаны үшін жерден алып, жерге салу – кімнің бағы, кімнің соры? Бұл не арандату? Өкпесімен қабынып, өтіменен жарылып өжектеп, өңмеңдегіштердң ар жағында кім тұр, не жатыр? Жеңгенді де, жеңілгенді олай талауға ешкімнің хақысы жоқ! Біз үшін, өр мінезді қазақ үшін Елдос пен Асыланбек бәрібір биікте тұрады! Айтайын дегенім, псевдодемократ болмасаңдар заңға бағыныңдар. Бізде мұсылман болуға, яки, Алланың қалауымен -деп айтуға ешқандай тыйым салынбаған.
Керісінше, біреудің сеніміне тиісу – конституцияға қайшы! Өркениетті елдерде де солай!.
Батырлық деген кездейсоқ жеңіс емес, соңына дейін сынбау меніңше. Тұрақты жеңімпаздардың жауы да, күндесі де көп болады. Талай спорт саңылағына тағылған айып, айтылған сындарды білеміз. Өзі күресуге дәрменсіз, бірақ күреспей аяқтан шалғысы келетіндер қарасы көп. Иә, әлі де жазуда небір сұмдықтарды оңбағандар.
Айта берсін! Елдос ұлт батырына айналды! Енді мыңдаған балалар Елдос боламыз деп еліктейді. Оның жолымен жүруге тырысады. Болды!
БІЗ ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯДАН ЖҰРДАЙМЫЗ
Иә, Елдос жылады! Көз жасына ерік берді. Спорт философиясының ақиқат көрінісі Елдостың осы бет-бейнесі! Қаншалықты қиын, қайшылықты күрестің нәтижесі -жеңіс! Ол оңайлықпен келмейді. Қарама-қарсылықтардың: жеңіс пен жеңілістің, қуаныш пен ренжістің күлкі мен жылаудың батылдық пен ынжықтықтың арасындағы диалектика, айқас деп білу керек спортшы тұлғаның психологиялық көңіл-күйін! Спортшы тұлға- «Бунтующий человек», оған .қандай мықты ерік пен жігер керек десеңізші! Жеңілістен кейінгі көңіл-күй спортшыны пессимизмге де соқтыруы мүмкін ғой. Бірақ, алға қойған мақсат жеңіске жету болса,ол бар қиындығы жеңуге тырысады. Ол үшін мотивация, интенционалдылық (бағыттылық,ниет, ұмтылыс жеңіске деген оптимистік позиция) қажет! Осындай жағдайда ғана спорт тұлғасы өзінің суб’ектілігін, «Менін» айқындай алады! Елдос-спорт тұлғасы, ел патриоты. Иә, Отан отбасынан басталады деген еді Бауыржан Момышұлы! Елдостың көз жасы-елге деген. сүйіспеншілік пен құрметінің белгісі! Әзірге елі үшін шын патриоттар ғана жылайды! Елі үшін, халқы үшін жылаған әнші әзір көрмедім!? .Елдас нағыз қазақ, нағыз азамат, нағыз патриот!
Иә, байқап отырмыз, бұған дейін де талай көргенбіз, бокста түсінбестік көп. Жығып беру басым. Әділетсіздік орасан. Түсінемін, біз өзіміздің жігіттерді, яғни өзіміздің спортшыларды (керек десеңіздер, өзіміздің балаларымызды) жамандыққа, жеңіліске қимаймыз. Бізге үнемі ұтылмаған, жеңілмеген сияқты болып… көрінеді де тұрады. Өйткені біз өзіміздің жігіттердің ғана соққыларын «санаймыз»…
Дәл осылай, бұл жолы да Асланбек пен Қамшыбекті, Махмудты, Сәкенді, Айбекті т.б «ұтылып қалды» деуге қимай, тағы да төрешілерге өкпе артып жатқандаймыз. Бәлкім, олар ұтылмаған шығар. Бірақ ұтты ма?! Қарсыластарынан басым түсті ме?! Таза жеңді ме? Жоқ, әлде осындай күмәнді жекпе-жектердің бәрінде… төрешілер жеңісті бізге бере беруі керек пе?! Мырзағалидің өзі айтқан жоқ па шәкірті жеңілген сәтте «бұл жігітпен бұған дейін де бір-екі рет кездескен, жеңісті 3:2 есебімен оған да, бізге де беруге болады, төрешілер ұпайдан қысты деп айта алмаймын, оның жеңіске деген құштарлығы басым болды, – деп? Ал Қамшыбек ше? Ол да шиыршық атып тұрмайтындай ма, қалай?!. Бәрі де сол төрешілерді «баурап» алатын «құлшыныс» деген ұғымда емес пе, осы?! Әрине, Қоңқабаевтың сүйегі жеңілдеу, ең ауыр салмақтағы алыптарға соққысы да өтпей жатады. Өзінен бірнеше келі ауыр атлеттер оның соққысына теңселе қоймай, діңкелететін де секілді…
Құлшыныс демекші, өзбек қызы Диера Келдиерованың татамиге шыққанын көрдіңіздер ме? Тфә-тфә, тіл-көзіміз тасқа… «Жұлынып» тұрады, тура. Екі көзі шоқтай жанып, қарсыласының өңменінен өтіп кететіндей. Қос жанарымен тесіле қарап, мысын басып, сағын сындырап алатындай, құдды.
Айтпағым, біз өз жігіттерімізді жеңіліске қимаймыз. Бірақ кінә өзімізден болса, өзгелерді жазғырмайық. Бокста саяси бедел мен «көмектің» де маңызы зор екенін білеміз. Бірақ жігіттерімізді жаман үйретіп алған жоқпыз ба?! Жеңіс «кілті» тек өз қолдарында екенін ұмытпаса екен деймін. Өйткені, жеңілісті «сыртқы күштер» қалауына аудара салу сылтауға айналып та бара жатқандай көрінеді маған… Жә, делік.
Даңқты спорт тұлғасы, Олимпиада чемпионы, Баркер кубогінің қазақтан шыққан тұңғыш иегері Бақтияр Артаев: «Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті. Сондықтан да қазір хейт іздемей, сәуегейлік жасамайық. Боксшыларымыз, өкінішке қарай, сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Бұл — тектілік емес, әлсіздердің әрекеті. Қайта қазір есе жіберген жігіттерімізге қолдау көрсетіп, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе, қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын!» депті.
Осы ретте алаш танушы ғалым, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дихан Қамзабек: «Біздіңше, әйгілі спортшының осы пікірі дәл қазір бәрімізді байыпты болуға шақырады. Әлеуметтік желідегі жалаң эмоция, құр кіжіну, былапыт сөз ұлт намысын қайрайды дегенге сену қиын. Халқымыздың ата сөзі: «Емініп тапқанның екі көзі шығады, Еңбекпен тапқанның екі бүйірі шығады» дейді. Сүрінуден де, жеңілістен де сабақ алуға тиістіміз. Жүйелі мектеп болса, спорттың біз үшін маңызды түрлеріне кешенді көзқарас орнықса, міндетті түрде жеңіс келеді. Дана Абай ұстаз-ұстат (соңғысы түпнұсқада) ұғымын бар салаға қаратып айтқан. Біз Бақтияр сөзі астарынан осыны ұғып тұрмыз. Дәл боксқа келгенде, бізде жеңіске жеткізер тәжірибе бар және ол жоғалмайды. «Көл — саладан, сай — жырадан, ел — жас ұланнан» дегендей, жақсылықтан, жеңімпаз ағаларының жолын жалғайтын жаңа буыннан үміт етеміз» дегені ағалық ақыл. Түсінгенге мағынасы зор, тағылымы терең пайым.
Өзбек қызы Диера Келдиерова жайлы айтып қалдым. Қандай ғажап палуан. Екі көзі от шашып тұр. Бойында намыс пен рух! Қайтпайды. Мұқалмайды! Тек ана тілінде сөйлейді. Ұлтын мақтаныш етеді.
Ұлты да қызымен мақтана алады. Ұлттық идеологиясы қандай! Журналистерінің алымдылығы мен шылымдылығы, ұлтшылдығына да тәнті боласың. Олар әрқашан ұлттық рухты көтеретін сәтте түймені түйедей қалуға бар. Бұл – үлкен жетістік! Үлкен мақтаныш! Бізге де жұғысты болатын әдет!
ЕЛДОСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ… ҰЛТТЫҢ ӨР НАМЫСЫ…
Алғашқы алтынды жеңіп алған сәттегі Елдостың Президент Тоқаевпен сөйлескен сәтін еске түсірейікші? Бүгінгідей технология дамыған кезеңде бар мүмкіндікті пайдалануға не кедергі болды екен! Ұят қой тіпті! Анау «артта қалған» өзбектерді қара! Қалай жарқыратып көрсетті Диёраның жеңісін! Міне нағыз Ел басы. Өзбек президентін айтам. Оның қасындағы шабармандарының президенттің мәртебесін көтерудегі ролі ғажап. Ал біздің президенттің жанашырлары, кеңесшілері не ойлайды? Оларға президенттің абыройы ойыншық па? Мұндай әлемдік деңгейдегі жарыс күнде өтіп жатыр ма? Қазақ ұлтының даңқы аспандайтын кез келген жеңісті дүбірлетіп жіберу, гүрілдетіп іліп әкету – Ақордаға сын! Ащы да болса айтайын, бізде ұлттық идиология қожырап тұр. Барды ұқсата алмайды, ұқсататындар ондай жерге жете алмайды. Өзбекстан бізден көш ілгері дамып кетіпті. Заң бар, мәдениет бар, ар мен жанның тазалығына тәнті болдым!
Президент Тоқаев пен Сметовта еш кінә жоқ. Бәріне ұлттық идеологияның нашарлығы, ұйымдастырушылықтың олқылығы кінәлі! Әйтпесе Президентіміздің құттықтауындағы байсалдылығы мен қазақы қалпы, оралымды тілі жанды баурады. Елдостың қазақы бала екені де көрініс берді. Оның отбасындағы қуанышты көріністің өзінен бірлік пен ынтымақты, ата-анасының балаларын, немерелерін ұлттық тәрбие мен адамгершілік ұстанымдар негізінде мәпелеп өсіргендерінің жемісі байқалды! Патриотизмнің айқын көрінісі осындай-ақ болар!
Білгілі журналист Шыңғыс Мұқан былай депті: «Кеше Диёра жеңгенде Өзбекстан президенті Шавкат акамыз да телефон шалған ғой. Қалай әп-әдемі ұйымдастырған. Әр сөзі өзбек ұлтын ұйыстырып тұр. Әкесі мен қызының әңгімесіндей жып-жылы.
Біздікілер не істеді дейсіз ғой? Өзіңіз де көрген боларсыз. Спорт министрі телефонын алып шауып келді де, Елдостың құлағына тоса қойды. Президентіміз не айтып жатыр екен деп біз де тыңлағымыз келіп барады. Елдостың рақметінен басқа ешнәрсе ести алмадық. Сөйлесіп болған соң, телефонды алып, министрдің өзі сөйлесіп кетті. Сол кезде «мұнау не» деп тіксініп қалып едім, кластастары емес, бір елдің басшысы соғып тұр, халық түгел көріп отыр.
Ұлтты ұйыстыратын мұндай оқиғалар күнде бола бермейді. Оның ішінде Олимпиада, төрт жылда бір рет, екі апта бойы бүкіл елдің көңілін бір арнаға салып береді. Ал да пайдалан. Халықтың назарын саяси тұрғыда монетизация жасайтын кезең».
Қазір олимпиада өтіп жатыр. Үнемі ірі жарыстарда улап-шулап отырамыз. Жеңілгендер ұлы қылмыс жасағандай көздері мөлдіреп Қазақстан халқынан кешірім сұрайды. Сақалын сөз қыламыз, мақалын сөз қыламыз. Жеңсе жолында өлуге дайынбыз. Жеңілсе арық қойдай құны жоқ. Жанкүйерсің бе жаның қашан да күйіп тұру керек қой. Күллі қазақ төбесіне көтерген, Сыр елі мақтанышым деген Алмас Өтешов естеріңізде ме? Әлем чемпионатының күмісін, Азияның алтынын алған. Ол қазір күзетші. Естіген құлақ та жазық жоқ, бір кезде бүйткен өмірі құрсын деп өз-өзіне қол салмақ болыпты сол батыр.
Айтайын дегенім, елдің даңқын асқақтатқан батырыңды ұлықтадың ба, соңына дейін апар! Мақтаныш ет, жастарға әр ісін үлгі ет! Бүгін аспанға көтеріп, ертең күресінге тастай салғаның кімге керек. Ұлттық рух, ұлттық құндылық – әр қазақтың бойынан табылуы тиіс. Олай болса, елінің көк туын желбіретіп, әнұранын баршаға ғаламға жайған баһадүр ұланың жадыңнан шықпасын! Ардақтап өт! Өзгеге күлкі ет пе!
Құрбанәлі Амангелдіұлы тілге тиек еткендей, мен де біреу мешітке барып намаз оқыса да, шіркеуге барып шоқынса да, буддист болып пұтқа табынса да, ол – әр адамның өз еркі, сенім бостандығы. Оған ешкім араласа алмайды.
Жалпы өз басым адамдарды дініне, сеніміне, тілі мен түріне қарап бөлмеймін. Маған оның мемлекетіне, ұлтына еткен қызметі мен еңбегі ғана маңызды, соған қарап бағалаймын. Қауға сақал, шолақ балақ қып-қызыл радикалдың өзі елімнің абыройын асырып жатса, шаттанбасам, шамданбаймын. Себебі, сақал қойып, аузына Алланы алғанның бәрі сәләфит емес. Мәселен, өмірінде намаз оқымаған, тіпті Құранда қанша сүре, қанша аят бар екенін білмейтін әкем үнемі Алланы аузынан тастамайды. Сәл жетістікке жетсек «Әуелі Алланың арқасы, Аллаға шүкір» деп отырады. Үлкен іс бастағалы жатсақ «Алла жолыңды оңғарсын, Алланың көзі түзу болсын» деп батасын береді. Әйтпесе, сол әкем «қымыз» ішкенде кешегі қостанайлық имамды жолда қалдырады.
Әлем желіде 3 күннен бері бәзбіреулер Елдосты «сәләфит» деп пәтуа шығарып, ағаш аттың басына теріс мінгізіп қойды. Елдоспен осы кезге дейін бірнеше мәрте жолығып, дастархандас болғанмын. Сондай сәттерде оның о дүние мен бұ дүние, жұмақ пен тозақ, намаз, құран, жалпы дін туралы сөз қозғап, уағыз айтқанын көрген де, естіген де емеспін. Оның үнемі айтатыны — спорт, спорт және спорт. Себебі, ол спортпен өмір сүреді, сонымен тыныстайды. Өзі де сөзге шешен жігіт қой. «Іні-қарындастарың болса дзюдоға әкеліңдер, білікті бапкерлермен таныстырып, жол көрсетейін, қазақ дзюдосының көші бізден кейін тоқтап қалмауы керек» деп талай айтқан. Елдостың араласатын ортасында мұсылман да, католик те, атеист пен агностик те бар. Өзге ұлт өкілдері де көшеде көріп қалса танып, суретке түсіп, сәті түссе сұхбаттасуға тырысады. «Балам Елдостай болсын» деп қаншама қандасымыз ұл-қыздарының аузына түкіртті. Себебі, барлығы осы бір қазақтың қара баласын жақсы көреді, құрметтейді. Сонда Елдос ешқашан «Мен намаз оқимын, сендер оқымайсыңдар, сондықтан кәпірсіңдер, алыстан сыйласайық» деп өзін оқшаулап, ортаға көрінбейтін «перде» ілген емес. Жұрттың санасын дінмен улап, ұлыңды Сирияға сүйреп, қызыңды Ауғанстанға айдап жатқан жоқ. 24/7 тек спортты ойлайтын адамның жаттығудан басқаға бас қатыратын уақыты да болмайды. Кейбіреулер білекті түріп тастап Елдостың ата-анасына да ауыз салып, аямай тілдеп жатыр. Оның ата-анасын жақсы танитын Көсемәлі Сәттібайұлы ағамыз өз парақшасында олардың қандай адам екенін тәптіштеп тұрып жазды. Одан артық қандай дәлел керек?! Осындай түсінікпен күні ертең Мұхамедсабыр чемпион болса, есімін желеу етіп, оны да арабтың құлдығына жегуге даяр отырмыз. Бір таңғаларлығы, Елдос бұған дейін талай додада жүлде алса да, оның діни ұстанымына қатысты мұндай жел сөз желдей ескен емес. Қалай чемпион болды, солай барлығы оның «ақидасын» анықтауға кірісіп кетті.
Мейлі, Елдостың одан ештеңесі кетпейді. Себебі, ол қазақ спортының жаңа тарихын жазып, жарқыраған жұлдыздай көкке көтерілді. Енді ол уақыт өткен сайын тек жарқырай береді, жарқырай береді. Ал оны сөндіруге тырысқандардың өздері келешекте қалай, қашан мәңгіге сөніп қаларын кім білсін?! Кім не десін, о десін, бірақ мен үшін ЕЛДОС — ЕЛДІҢ БАҒЫ, ЕРДІҢ СОЙЫ!
«Елдостың алтыны? Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады…» депті танымал бизнескоуч Ахметбек Нұрсила. Сөйтіп Олимпиаданың алтынына бөркін аспанға атып, қуанып жатқан қауымның көңілін су сепкендей басуға тырысыпты.. Нұрсила мырза осы тұста хәкім Абайдың сөзін мысалға келтіріпті… «Қазір «Өтірік көлгірсімеші ей, хайп үшін жазып отырсың» деген комменттерден көз аша алмайтынымды білемін.
Олимпиада деген нәрсе болайын деп жатқанан осы ФБ да «Рыбакина олимиядаға бармады, қазақтың туын менсінбеді» деген мақаладан содан кейін «Олимпиада ашылуы нашар болды» деген тағы бір мақаладан көзім шалып қалып «Халықтың ақшасын шашу фестифалі басталайын деп жатыр екен ғой» деп қойғам. Бүгін достардың чатынан «Елдос чемпион» деген жазбаны оқып қалдым. Бірден Абай жарықтықтың балуан мен бәйге жайлы сөзі есіме түсті. «Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады…». Осылай деп ұзаққа шауыпты Нұрсила бауырым.
Иә, Нурсиләнің айтып отырғаны той- жиындарда бәйге шаптырып, балуандарын кілемге салып мақтанатын байлардың кейпін ысырап пен мақтанымпаздық деп айтқан Абай заманы. Ол тойлар мен дақпырт әлі болып жатыр ғой. Неге жапонның қызы еңіреді? Біздің қызымыз ше? Неге Әнұран ойнағанда Елдос жылады? Бұл басқа сезім! Бұл — Ел намысы, ерен еңбек, қажымас қайрат, алдыға мақсат қойып ұмтылу. Көк Туымыз желбірегенде жүрек тұсы селт етпесе, қандай дерті бар екеніне диагноз қою керек! Бұған айтайын дегенім осы еді.
ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛҒЫҢ КЕЛСЕ ЕСІҢДІ ЖИ, ҚАЗАҚ!
ТҮЙІН: Әлем күн санап өзгеруде. Небір сұмдықтар бой көрсетуде. Ұлтты құндылықты аяқ асты еткен елдер қарасы көбеюде. Мен секілді ұлттық құндылықты әркез сөз етіп, қауіптің алдын алуға шақырып жүргендер – қазір шошына бастадық. Қорқа бастадық. Себебі батыс әбден азғындаған екен. Оған Франциядағы Олимпияданың ашылуында көрген көрініс дәлел. Қайда кетіп барамыз халқым. Жаһандану мысықтабандап қасыңа келіпті. Енді сақтанбасаң, ұлттық құндылығыңды ту етіп көтермесең жағдайың қиын, хәлің нашар болмақ. Адамзат тарихында әйелді қорлау осынша масқара , азғындық деңгейде болмаған шығар… Италиялық боксшы қызды аяғаным-ай… Алла сақтасын! Париж олимпиадасы — ең жабайы, ең сұмдық , ең азғын олимпиада болып тарихта қалмақ.
Әлемдік бақтан көзім шалғаны, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада әйелдер боксына 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берген. Біреуі – осы сабаз! Ал керек болса!
Салтан Сайранұлы жазғандай, Франция әбден азды! Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында ЛГБТ-ның пропогандасын жасап, діни құндылықтарды аяққа таптап, Иса пайғамбарды мазақ қылды!
Олимпиада алауын сақалды, макияжды, емшекті-емшексіз трансвестит қызтекелерге тасытты. Ол ол ма, бұл азғындар христиан әлемінде кең танылған Иса пайғамбар мен сахабаларын бейнелеген Леонардо да Винчидің «Соңғы кешкі ас» картинасын да мазаққа айналдырып, ЛГБТ өкілдерімен сахналады.
Бұл көріністерге қатысты жан-жақтан келген наразылықтарға 2024 Париж Олимпиада ойындары коммуникация директоры Анна Дескампс «Бұл – қоғамдағы толеранттылықтың атап өтілуі» деп жауап берді.
Міне, бүкіл әлемнің назары ауған шаралардың тізгінін қолдарына ұстаған азғын сионизмнің шайтани, ібілістік жүйесі ЛГБТ-ның насихатын енді осылай жасауда! Бұған саналы әрбір әлем саясаткерлері қарсы тұруы тиіс! Саяси сахналардан наразылықтар ашық айтылуы керек. Отбасылық құндылықтарымызды аяққа таптап, ұрпақтарымызды ұрлап жатқан бұл азғын жүйеге үнсіз қалмауымыз қажет.
Бүгін біз үнсіз қалсақ, ертең ұрпағымыз солардың қатарынан сап түземесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан ұлттық құндылықтан қазақ халқы ажырамауы тиіс! Бұл билікке ғана емес, маған да, саған да, оған да қатысты. Ұлағатты ұрпақ өсіру –ұлттық сақтап қалудың жалғыз-ақ жолы! Осы жолда әр қазақ белсенді болып, ұл мен қызын қадағалап, имандылық пен қазақы тәрбиенің бойына сіңірсе – жеңістің төресі сол!
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан — ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Біздің ата-баларымыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі — әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Мемлекет басындағы азаматтар, ұлттық идеологияға жауапты адамдар – қазақ ұлттын сақтап қалу жолында – тынымсыз еңбек етуі тиіс! Әйтпесе әлемді жаулап келе жатқан ұлтсыздық, арсыздық, ұятсыздық, еркек пен еркек, әйел мен әйелдің жұп құруы – қалыпты жағдайға айналуы мүмкін. Алла Тағала сақтанғаны ғана сақтайды.
Ғасырдан — ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Біздің ата-баларымыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі — әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Ақорда осыны естен бір сәт шығармауы керек.
Батыс былыққа батып болды. Батыс пен Америкада трансгендер ойнақ салғаны аздай, бізге де тамыр жая бастады. ЛГБТ қазақ даласынан тұрақ тапты. Арагідік бой көтеріп, шерулетіп қоятыны бар. Феминизмді үлкен ғылымға теңейтіндер қазақстанда да өріп жүр. Гендерлік теңдік – елімізде салтанат құрып тұр. Енді не қалды? Спорттың биік шыңы олимпиядаңа да трансгендер сынылып кіруде. Франциядағы олимпияданың салтанатты ашылуы – анау. Жын-ойнақ. ЛГБТ-ны ашық насихаттау жүргізілді. Демек, ғаламды құрту, ізгіліктің тамыран балта шабу ісі – жүріп жатыр. Бұдан аман қалу – өте қиын.
1 тамыз Париж Олимпиадасында италиялық боксшы Анджела Карини алжирлік трансгендер Иман Хелифпен жекпе-жекке шықты. Мұны барша әлем көрді. Жекпе-жек тура 46 секундқа созылды. Басынан соққы өткізіп алған итальяндық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты. 2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан дисквалификацияланған болатын. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен. Мұндай сорақылық бұрын соңды болған ба еді? Иә, қасиетті құранда бізге дейінгі лағнеттелген қауым туралы айтылады. Оларда шектен шығып, еркекпен еркек, әйел мен әйел жақындасып, ер әйелдің, әйел еркектің кейпіне енемін де жер бетінен азаппен жойылып еді. Соның кебін кейіп жүрмесек деп қорқамын. Өйткені азғындықта шек болмай тұр. Францияда олимпияда ойындары үстінде ЛГБТ-ны ашық насихаттаса, еліміздің үлкен қалаларында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде жарнамалайтын топтар пайда бола бастады.
1 тамыз күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті.
Дүйім жұрт болып қол жинаған Петиция бойынша соңғы жұмыс отырысында Мемлекеттік органдардан басқа Халық арасынан бұл жағдайға бейжәй қарамайтын жанашырлар, және қоғамдық ұйымдар келіп қатысты. Бұл үшінші отырыс!
Жиналған Халық екі тарапқа бөлініп, яғни Петицияға қарсылар (біржыныстыларды қолдайдындар), және Петицияны толық қолдаушылар, Елімізде біржынысты ұйымдардың тайраңдауына қарсы азаматтар мен азаматшалар бой көрсетті. Қоғамдық тыңдалым барысында өте қызу талқыға түскен бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін, мұндай сұмдықты көріп-білгендер ғана түсініп отыр… Қалай болған күнде де, өскелең ұрпақтың санасын сақтау тікелей Мемлекеттің және Ата-Ананың міндеті деп білемін! Ертең кеш болуы мүмкін. Билік оянуы керек. Маңайына көз салуы керек. Қайда бара жатырмыз? Ертеңіміз не болмақ? ЛГБТ-ның ашық талқыға салынуы – оның жақтастарының көбейе бастағаны – қорқынышты жағдай! Ұлтты ірітудің, ұрпақты тоздырудың бұдан асқан қандай жолы бар?!
ЛГБТ насихатына қарсы петицияны жария талқылауда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент депутаттарының пікірін жеткізді. Бұл да болса көңілге демеу! «Әр ұлттың моральдық, этикалық заңы болады. Қазақстанның діні, тілі, ділі бар. Сондықтан осы петиция басталғалы Парламент депутаттары оны толық қолдайтынын жариялады. Бірнеше депутат жұмыс тобына мүше болып кірдік. ЛГБТ мәселесін жан-жақты зерттеуіміз керек. Құқықтық жағын да қарауымыз керек. «Адам құқығын шектейді» деп жатыр. Белден төмен нәрсені адам құқығына тіркемеу керек, — деді ол.
Өкінішті жері, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы петиция ішінара қанағаттандырылды.
Ұлттық құндылықты сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу жолында ұзақ жылдар бойы күресіп келе жатқан, ЛГБТ секілді азғындықты түп тамырымен жоюды жан-тәнімен қалайтын Бағила Балтабаева «Біз оларды департировать етіп, басқа жаққа қудалайын деп отырған жоқпыз, репрессия болайын деп отырған жоқ, олар біздің елдің азаматы болғандықтан тұра берсін, бірақ, көшеде біздің балалар еркек пен еркектің сүйіскенін көрмеуі керек. Осындай ұлтқа жат қылықтарды көрсетіп жүрген феминистік ұйымдардың әр қайыссысын ұстап алып тексерсеңіздер, әрбірінің артында халықаралық ұйымдардың, мұхиттың ар жағынан бері қарай келіп жатқан қаржыландыру бар» деп отыр. Бағила қызымның жанайқайы орынды! Қолдаймын! Біз қазір өте қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Келешегіміз не болады? Ол да күмәнді? Ақорда бұл мәселеге өзі араласып, заңды қатайтуға күш салмаса, бәрі сөз күйінде қалып, арты сиырқұйымшақталып ЛГБТ құрамына жастарды көптеп тартып, ұлттық құндылықтың түбіріне балта шабуы әбден мүмкін. Ол үшін әр қазақ отбасына берік, бала тәрбиесіне мығым болуы тиіс! Әйтпесе кешігеміз! Барлық құндылықтарымызды санамыздан өшіреміз! Оянайық қазағым! Әпжыландай маңайын жалмап келе жатқан азғындыққа бірлесе қарсы тұрайық! Ұлттығымызды сақтайық!
Міне, ағайын, біз қанша қорғансақ та, қарғасақ та, әлемдік саясатты жүргізіп отырған шайтани топтар өз мақсаттарын жүзеге асыру жолында барын жасауда. Олар ешкімді аямайды. Ұлттық құндылығың жоғалса, салт-дәстүрің тоналса – сенің де қақпаңнан сығалайды. Аз ғана қазақты жік-жікке бөлу олардың арманы. Ол үшін – қасиетті ислам дінінің өзін құбыжық қылып көрсетуге тырысып жатыр. Ар-ожданың мен тіліңді құртуға күш салуда. Жау жоқ деме жар астында. Әр қазақ өз отбасына, тілі мен салт-дәстүріне, дініне берік болса ғана жау алмайды. Әйтпесе анталаған жат пиғыл, жат ағым, жат идеология – қазақты аяиын деп тұрған жоқ.
Айтқым келгені осы еді!