Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Жуалы ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның жұмыс жоспары негізінде жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан әкімі Ж.Мұртазаның бекіткен аудан зиялы қауым өкілдері мен жоғары сынып оқушыларының кездесу кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 6 желтоқсан күні «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен №6 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі ұжымымен бірлесе ұйымдастыруымен «Адам өмірінің басты құндылықтары» атты ауданның зиялы қауым өкілдерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі өткізілді.
Аудандық мәслихат депутаты Э. Абишева, Қарасаз ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Тоқбергенов, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Ж. Нұрмұратқызы және Қарасаз ауылдық аналар алқасының төрайымы А. Омарованың қатысуымен өткен кездесуде, жастар бойынан табылуы керек мінез бен тәртіпті болмыс туралы кеңінен салиқалы сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды тілге тиек етіп, өз өмір жолдарынан танымды әңгімелер айтқан зиялы қауым өкілдері жастарға жеке тұлға болып қалыптасуларына кеңестерін берді.
Жуалы ауданы әкімдігі