Ұлттың ең басты қуаты – оның ішкі бірлігі
Ұлттық кодтың жөні бөлек. Мəдениеттануда оны генотип немесе тұқымдық факторлар жиынтығы деп те айтады. Атаусыз ұлт жоқ сияқты, ұлттық құндылықтарсыз, өз топырағына терең тамыр жібермеген ұлт бол майды.
Егер Франциядағы, Америкадағы қазақтың шөбересі қазақпын десе, демек оның терең тамыры жайылған қазақпен байланыстары, қастерлейтін, бағалайтын бұлды дүниелері бар. Ұлт құндылықтарының астарындағы факторларды түсінуде жəне қабылдауға байланысты философиялық жəне саяси ойлар тарихына көз жіберсек, үш ағымның айқын көрініс алғаны назар аудартады. Біріншісі ұлт жасанды, уақытша қауымдастық, өмірге келеді, кетеді, жойылады, басқаларға сіңіседі дейтіндер. Бұл тұжырымды конструктивизм дейді. Əртүрлі детальдардан құрастыратын балалар ойыншығы – конструктор сияқты ұлт тамырсыз, шынайы емес, санадағы, қиялдағы құрастырылған қауымдастық. Конструктивизм басында тегі орыс, америкалық əлеуметтанушы П.Сорокин (1885-1968) тұр. Ол 1917 жылғы «Революция жəне социология» атты еңбегінде «Ұлт» ұғымын талдауға аса зор мəн береді. «Ұлт деп кейбіреулер қан, тек, нəсіл бірлігін айтады. Шындығында таза неміс, ағылшын қаны деген қан жоқ. Қан тазалығы жылқы зауыттарында кездеседі, «таза қан» айғырларда ғана бар. Ал адамдарды қан біріктіреді деу қате…» дейді ол. «Иванов пен Петров» бір ұлттан, оларды жақындататын қандарының химиялық құрамы емес». Бұл да соның уəжі. Кейбіреулер ұлттан ұлтты айыратын тіл дейді. Бір тілде сөйлейтіндер бір ұлтқа жатады делінеді. П.Сорокин оны да теріске шығарады: «Егер тіл – ұлттың шешуші белгісі болса, венгр мен неміс тілін бірдей білетіндерді кім дейміз?
Ағылшындар мен америкалықтар да негізінен ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ əртүрлі ұлттар», дейді ол. Дін де ұлттың белгісі бола алмайды, себебі бір дінді көп ұлттар ұстанады. Ортақ экономикалық мүдде де ұлттың белгісі бола алмайды. Экономика саласында əртүрлі ұлттар өкілі еңбек ете береді. «Мəдениетте ұлттың белгісі бола алмайды. Егер тіл, дін, экономика əртүрлі ұлтқа ортақ болса, онда мəдениеттен не қалды?» деп абыржиды ол.
«Кейде ұлттық психология, мінез-құлық ортақ деген пікір айтылады. Шындығында адамдардың мінезі ұлтына қарай емес, кəсібіне қарай қалыптасады…» деген автор. Сонымен ешқандай ұлт туралы теория оны қанағаттандырмайды. Осылай ұлт əртүрлі элементтерге бөлініп ғайып болды. «Нация исчезла», – деп түйген ойын автор. П.Сорокин тіл, мəдениет, жер, су, атамекен, бас иетін қасиетті тарихи орындардың, жалпы ұлт табиғатының тереңдігін кейін мойындады. Оның қартайғанда бар арманы – тарихи отаны Ресейді, Мəскеуді, Санкт-Петербургті бір көру еді.
Бірақ В.Ленинге қастандық жасау ниеті де болған ғалымның Кеңес одағына келуі мүм- кін болмады. Бүгін конструктивизмді қолдаушылар, жаһандану заманын да ұлттың рухани коды жойыла бастады деушілер көбейді. Ұлттық қасиеттер арзандап барады деген пікірді қуатты насихаттауда. Əсіресе ресейлік ғалымдар арасында ұлттардың жаназасын шығарғысы келетіндер бар. Мысалы, қазақтарды орыс əлемі ықпалынан шығарғысы келмейтіндер ұлттың жай ғана топ екендігін көрсету үшін қазақтарды мысалға алады. Мемлекеттік тілден гөрі орыс тілінде көп сөйлейтін, жазатын, ойлайтын, тіпті орыс тілді ұлтқа бет алған, үкіметі, парламенті, көптеген отбасылары мемлекеттік деп жариялаған тілді сыйлай бермейтін халықты қазақ ұлты деуге бола ма екен дегендей сауал қояды. Латын əліпбиіне ресми жарлықпен, заңмен көшкенмен, кириллицаны қазақтар пайдалана береді, латын əліпбиі тасада қалады деушілер аз емес. Бұл Қазақстандағы қазақ тілінің жағдайына байланысты айтылған пікірлер. Ұлттық қауымдастықты бұлдыр сағым дейтіндер, əсіресе бүгін əлемге өз билігін жүргізуші ірі ұлттар өкілдерінің арасын да көбеюде. Жаһандану – қазақ сияқты ұлттар үшін үлкен сын. Екінші ағымды əлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі деуге болар. Ұлт жөніндегі тұжырымдардың ішінде психологиялық қағидалардың алатын орны ерекше.
Материалистік бағыттағы ғалымдар шаруашылық, атамекен, тіл, тарих, мəдениет ортақ мінез-құлық қалыптастырады дейді. Екіншілері идеалистер ұлттың тарихи даму барысындағы қалыптасқан ұлттық психология, мінез-құлық мемлекет қ ұруға, ұлттың тұтастығына, ортақ мəдениетіне, тіліне, əскеріне, тəртібіне, азаматтығына жетелейді, патриотизмге бастайды, ұлттық құндылықтарға артықшылық береді дейді. Абзалы ұлттық психология материалдық жəне əлеуметтік-мəдени факторлардың өзара ықпалдастығының жемісі. XIX ғасырда неміс ғалымы Отто Бауэр «Ұлт мəселесі жəне социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық жəне мəдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», дейді.
Ұлттық ерекшеліктің, даралықтың сақталуы, О.Бауэрдің айтуынша, дүниені бірден-бір қайталанбас өзінше қабылдайтын ұлттық апперцепция (түйсік) механизміне байланысты. Мемлекеттегі болып жатқан саяси өзгерістерді де ол ұлттық мінездің қасиеттерімен түсіндірген. Франция елінің конституциясының тез өзгеріп отыруы француздардың жаңалыққа құштарлығынан дейді. Біздің заманымызға дейінгі III ғасы рда өмір сүрген Қытай ойшылы Сюнь-цзы «Барлық жаңа туған сəбилердің үні бірдей. Бірақ өсе келе олар əртүрлі əдет-ғұрыпқа үйренеді», – деп ұлттың жаратылысын əлеуметтік ортамен байланыстырған. К.Маркстың ұлттық əлеуметнама саласындағы көз қарасы назар аударарлық. Ол «Еврей мəселесі жөнінде» еңбегінде кең таралған «еврей мəселесі – діни мəселе» деген тезисті теріске шығарып, еврейлікті капитализм мен байланыстыра- ды. Сауда мен қаржы қызметіне бейімді еврейлерге бəсекелестер көп. Пайда күнемдік, алыпсатарлық, саудагерлік еврейлерге ерекше назар аудартады. Капиталистік экономика ақшаны құдайға айналдырады. Сондықтан еврейлік тек еврейлер ғана емес, барлық халықтарға тəн пайдакүнемдік психология туғызады. К.Маркс бұл мəселенің шешу жолын да ұсынады. Ол – адамзатты қанаудың қандай да болсын түрінен, соның ішінде ұлттық езгіден азат ету, тауар-ақша қатынастарын реттеу. Еврейлік мəнді жеңу міндеті шындығында азаматтық қоғамның еврейлік рухын, шырқау шыңы ақша жүйесінің адамгершілікке сыйымды еместігін жою екенін К.Маркс дəлелдеуге тырысты. Мəдениеттану тұрғысынан ұлт дегеніміз мəдени қауымдастық, оны уағыздаушылар ұлттық тілдің алатын орнын баса айтады. Сөз жоқ, халықтың барлық рухани байлығы тілі арқылы көрінеді. Декабрист В.К.Кюхельбекер айтқандай, ұлтты рухани негіздегі қауымдастық деп қарастырсақ, біз тілді оның ділі деп айтар едік, сондықтан да тіл тарихпен байланысты болғанмен, тілдің тарихи мəні саяси өзгерістерден салмақтырақ. Осыдан келіп декабристер орыс балаларын шетел, əсіресе француз тəрбиешілерінің қолына беруге тыйым салынсын, орыс тілі, орыс халқының намысы шлагбаум, ордонанс-гауз, обергофмаршал сияқты сөздермен қорланбасын деп талап қойды. Неміс оқымыстысы В.Гум больд «ұлттың өзіне тəн, іштей данышпан рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беруші күш – тіл» дейді. А.С.Пушкин де ұлттың рухани кілтін, табиғи ортасын климат, ауа райы, діні мен рухының айнасын оның поэзиясынан іздейді. Ұлттың рухани жан дүниесі тура лы сөз болғанда оған қуат бере тін дінге көп мəн беріледі. Діні нен айырылғандар ұлт құн ды — лықтарынан да айырылып бас қа ұлтқа сіңіседі. Ұлттық бостандығынан айырылған ұлттың демеушісі, қолдаушысы – дін. Сон дықтан ұлт-азаттық қозғалыстар діни сипат алады. Діннің арқасында ұлт өз ұлттық кодын сақтап қалады. Сондықтан қазақты мұсылман, еврейді иудаизм, полякты католик дінімен байланыстырады. Ұлт табиғатын саяси тұрғыдан саралау оны мемлекеттің дамуымен байланыстырады. Гегель кезінде ұлт, ұлттық мемлекет абсолюттік идеяның бір көрінісі деген болатын. Н.А.Бердяев мемлекеттілік-ұлттық болмыстың қалыпты жағ дайы, ал мемлекеттігінің жойылуы ұлтты ділінен айыратын үлкен бақыт- сыздық, ауыр індет деді. Неміс зерттеушісі Р.Дарендорф ұлттың негізі – жалғыз ғана конституция мен құқық деп атап көрсетеді. Ұлттық пен мемлекеттіліктің ара қатынасы туралы орыс ғалымы П.Б.Струве былай дейді: «Өз мемлекетіңді жек көруге болады, бі рақ өз ұлтыңды жек көру мүмкін емес». Ұлттың басын біріктіруде мемлекеттің дəнекерлік қызметі аса жоғары. Мысалы, тіліне, туыс- тығына, мінез-құлықтарына қарамастан, екі мемлекет құр ған дықтан ағылшындар мен аме рикалықтар екі ұлт болып қалып тасты. Ұлтты саяси тұрғыдан түсіну беделді халықаралық ұйымның – Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан да байқалады. Мемлекетке ұлттық фактор ды күш-қуат береді. Кезін де екі мемлекетте өмір сүрген немістер, вьетнамдықтар бүгін бір ұлт болып қалыптасуда. Ортақ тарихи сана, тіл, дəстүр мемлекеттіке бөлінуден жоғары. Тəуелсіздік тұсында бір миллионға жуық қазақ басқа мемлекеттерден тарихи Отандарына оралды. Бұл үрдіс жалғасуда. Үшінші бағыт – табиғи биологиялық көзқарастар жүйесі.
Бүгінгі ұлттану ілімінде этностарды əлеуметтік-биологиялық қауымдастық ретінде қарастыратын ой-жүйе қалыптасты. Бұл тұжырымға əрбір этностың антропологиялық белгілерімен ерекшелетіндігі негіз болды. Отбасы ұлттың əлеуметтік биологиялық тұрақтылығын, төл тума бітімін, ұлттық тəрбие арқылы ұлттың құндылықтарын сақтап, оның басқа ұлтқа сіңіп кетуінің алдын алады. Сондықтан ғалымдар аралас некелердің шегін анықтап, оның шектен аттауы ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді. Ол тек 7-10 пайыз аралығында болуы керек. Бұл шамадан шығу аз ұлттардың болашағын екіталай етіп, басқа ұлтқа сіңіп, бара-бара ұлт ретінде жойылуына əкеледі. Сан жағынан ірі ұлттарға мұндай қауіп төнбейді. Көптеген ойшылдар ұлт табиғатын оның климатымен байланыстырады. Мысалы, Ш.Монтескье былай дейді: «Климаттың билігі барлық биліктен күшті». XVIII ғасырдан бастап ұлттың табиғатын оның территориясымен, атамекенімен əсіресе жер бетінің көрінісі, өсімдіктер жəне жануарлар дүниесімен байланыстыратын көзқарастар жүйесі қалыптаса бастады. Осы тұжырымдамалардың ішінде ерекше назар аударарлығы Л.Н.Гумилевтің теориясы. Ұлттың пайда болуы (этногенез), Л.Н.Гумилевтің айтуынша, тарихи жəне ландшафттық факторлардың үйлесімді дамуының жемісі. Этнос əлеуметтік кеңістіксіз өмір сүре алмайтыны сияқты, атмосфера, гидросфера, биосферасыз да өмір сүре алмайды. Этностардың бір- бірінен айырмашылығы, олардың қоршаған табиғи-территориялық ортаға бейімделуіне байланысты. Ландшафтысынан айырылған əр этнос (жер аударылғанда, көп ұлтты қалаға көшкенде, тағы басқа жағдайларда) басқа бір этносқа, жаңа қауымдастыққа айнала бастайды деп түйеді ол. Қорыта айтқанда, ұлттың рухани коды күрделі, көп астарлы құбылыс. Біз бүгін рухани жаңаруды бір ғана фактор мен байланыстыра алмаймыз.
Бүгінгі этнофилософиялық жəне этно əлеуметтанымдық тұжырымдарға сүйеніп, ұлттың рухани кодының он маңызды индикаторларын айтуға болады: Атамекен; Ұлттық тіл; Отбасы; Ұлттық мəдениет; Ұлттық білім; Ұлттық тəрбие; Ұлт тарихы; Дəстүрлі дін; Ұлттық дəстүр мен салттар; Кіші отаны (ауыл, аймақ, өскен орта). Сондықтан ұлттық код бір-бірімен үйлесімді, өзара ықпалдасқан көптеген ұлттық құндылықтардың жиынтығы. Маңызы жағынан ұлттық идеология деуге де болады. Руханилықты ұран тастап енгізе алмаймыз. Мемлекеттің ішкі саясаты ұлттың рухани кодының күрделілігіне негізделгенде ғана тиімді болады. Əлеуметтік деңгейі тұрғысынан ұлттың білімі, мəдениеті, діндарлығы, кəсіби деңгейі, экономикалық табысы, тұрмыстық жағдайы, қоныстануы (ауыл, қала), тууы, өлім-жітімі, отбасы жəне оның беріктігі, аралас неке- лер, қылмыстылығы, бір сөзбен айтқанда, ұлттың əлеуметтік сапасы оның биік рухына негіз болады. Ұлттық құндылықтарды ұлт өкілдерінің қабылдауы біркелкі емес.
Рухани ұстанымына қарай жеке тұлғаларды моноэтностық, тек өз ұлттық құндылықтарымен шектелетін, биэтностық, өз бойына өз ұлттық құндылықтарымен қатар басқа да ұлттық құндылықтарды сіңірген, маргиналды, дүбəрə, этникалық тегінен ажырай бастаған тұлғалар деп саралауға болады. Əрбір этностың, əсіресе мем- лекет құраушы ұлттың өзін өзі сақтайтын қасиеттерінің иесі орта тап. Орта тап – ұлттың өзегі, арқауы, берік мызғымас тірегі. Ұлттың қуанышын, ішкі күйін сезінетін, сəтсіздігіне қайғыратын, ұлттық мұқтажы жанына бататын оның орта тап өкілдері: кіші жəне орта кəсіпкерлер, педагогтар, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдарды, орта шенді əскерилер. Орта тап қоғамды тұрақтандырушы, ұлт мəселесінде ауытқуларға жол бермей, байсалды ұстанымды таңдайды, экономикалық дамудың басты агенті, интеллектуалдар, ұлттық тілдің, мəдениеттің, жердің иесі, ұлт лидері. Орта таптың көңіл күйі, мəдениеттілігі, табысы, тұрмысы ұлттың рухани барометрі. Жағымсыздық ұстаным да, ұлттық мүддеден ауытқуға түрліше жағдайларға байланысты. Бірқатар ғалымдар өнеркəсіптің қалдықтары сияқты ұлттық қауымдастықтың да шығындары, кəдеге жарай алмайтын жақтарының болатындарын айтады, кейде оны жеті пайызға дейін деп кесіп-пішіп жатады. Олар аса байығандар мен аса кедейленген топтардан шығады.
Ұлттың руханилығы тарихи жағдайларға да байланысты. Кейде ұлтына жағымсыз баға беру, кемсіту отарланған ұлт өкілдеріне тəн. Қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт жалтақ, өзіне өзі сенімсіз. Ұлттың ең басты қуаты – оның ішкі бірлігі. Абай айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең іс тің бəрі бос», өзара жанашырлық, ұлт қа қызмет ету, тұрақтылықты, қауіпсіздігін ойлау, иманына берік болу, тəуелсіздікті қорғау, салық төлеу. Ұлттық намыс – ең басты капитал. Ұлттың басын қосатын, біріктіретін, бір мақсатқа, ортақ іске жұмылдыратын, сабақтастыратын ұлттық рухани код, символдар мен идеялар. Олар тірілер мен тірілерді ғана емес, өлілер мен тірілерді байланыстырып жатады. Əр кезде символдар тұрақты əсер беріп, ұлттық біртектілікті бұрмалауға ырық бермейді. Жетекші ұлттық символдар – озық көңіл күйдің де арқауы. Қазақ үшін олар Керей мен Жəнібек заманымен бүгінгі күнді жалғастырады. Бұл бөлінбейтін, ажыратуға келмейтін нышан.
Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор