ҰЛТТЫҚ САНАҚ: САПА МЕН САЛМАҚ
Елімізде 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталғаны белгілі. Бұл — Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтеді.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен халық санағын ақпараттық қолдау мақсатында бөлім қызметкерлері мен ауданның ерікті жастардың қатысуымен «Халық санағына» аудан тұрғындарын хабардар ету үшін халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы 400 парақшалар тарқатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар.
Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы