ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Дархан Нұрланұлы Біләлов басшылық етіп отырған білім ордасы еліміздегі алғашқы жоғары білім ордасы болып табылады. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті маман даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді.
Қол қойылған ынтымақтастық меморандум қос тарапқа да тиімді. Себебі, жарғы негізінде алдағы уақытта ЖОО-ның және орта білім беру ұйымдарының ұстаздарының біліктілігі жетілдіріліп, бірлескен жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ұлттық университетті бітірген Жамбыл облысының түлектерін Әулиеата жеріне маман ретінде қабылдау жоспарда бар.