«Ұлы дала ауылы — ұлт қазынасы» экспедициясы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында

Бұған дейін хабарланғандай, «Ұлы дала ― ұлт қазынасы»   экспедициясы еліміздің түкпір-түкпірінде жүр. «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газеті Бас директорының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтының бас редакторы, экспедиция басшысы Сәуле Мешітбайқызы, «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN»  газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының  мүшесі Ертай Айғалиұлы, «Нұр Отан» партиясы және  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  өкілдері, «Қазақ радиосының» журналистері бар экспедиция жуырда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында болды. Оларды жылы қарсы алған «Нұр Отан» партиясы МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы және «Маңғыстау агросервис» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Әлімбай мырзалар қонақтарды Маңғыстау ауданының әсем жерлерімен таныстырып, шаруалармен кездесіп, Онды ауылына барды.

 **************

Маңғыстау ауданы

Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған Маңғыстау облысының орталығында орналасқан әкімшілік бөлік. Солтүстігінде Бейнеу, батысында Түпқараған ауданы, Ақтау қалалық әкімдігі, оңтүстігінде Қарақия ауданы, шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасымен шектеседі. Аудан орталығы — Шетпе ауылы. Аудан көлемі 47,9 мың шаршы км. тең.

%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d0%bd-%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%b0%d1%80
                                          Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылановпен

Аудан көрсеткіштері:

Маңғыстау ауданының ауыл шаруашылығы

         Ауданның ауыл шаруашылығының негізі – мал шаруашылығы, оның ішінде қой, түйе, жылқы шаруашылықтарынан тұрады.

         Аудан көлемінде 363 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық қызмет етеді. Оның ішінде 32 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 331 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі есеп бойынша ауданда 6699 бас мүйізді ірі қара, 18520 бас түйе, 31993 бас жылқы, 152545 бас қой-ешкі, 972 бас құс бар..

Асыл тұқымды мал  шаруашылығы

         Мал шаруашылығында, малдың өнімділігі мен өнім сапасын арттырудың негізі саналатын асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылуда. Ауданда 11 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі бар. Олар: Жакен, Аңсар, Мақсат, Нақхан, Қоныс, Қызық, Баймағанбетов, Сердалы, Бесегөз, Ақшымырау ӨК асыл тұқымды Адай жылқысын өсірсе, ал «Қоныс» шаруа қожалығы аруана түйесін өсіреді.

         Таза қанды, асыл тұқымды Адай жылқысын өсіру ғылымға негізделген жолға түсіп келеді. Селекциялық мал тұқымын асылдандыру қызметі жоспарланған мақсаттарға жету үшін, оған қойылатын алғы шарттарды бірте-бірте орындауға  бағытталуда. Барлық асыл тұқымды мал шаруашылықтары және асыл тұқымдық мәртебе алуға ынта білдірген үміткер субъектілер толықтай ғылыммен қамтылған.

Аудандағы шаруа  қожалықтары

         Аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы, соның ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндіру.

         Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арқылы 8 айда тірілей салмақта 1874,1 тонна ет, 1663,8 тонна сүт, 40 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Шаруа қожалықтарында 1611 адам жұмыс жасайды. Шаруа  қожалықтары мал басын өсіріп, егін егіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бірге тұрақты жұмыс орны болуда. Көптеген шаруа қожалықтары отбасылық  негізде құрылған.

Мал басын өсіру, аман сақтау, мол өнім алу үшін берік жем-шөп қоры болуы міндетті жайт. Өткен жылы 37 бригада ірі сояулы мал азығын дайындаумен айналысып 28417,6 тонна мал азықтық пішен дайындады. Шөп дайындаушылар  село әкімдерімен меморандумға отырып, тұрғындарды арзан мал азықтық шөппен қамтамасыз еткен (1 бума шөп 200-400теңге).

Биылғы жылы жер қонысты, шөп бітік шықты. Аудан бойынша 25 000 тонна ірі сояулы мал азығын дайындап аламыз деп жоспарланған. Қазіргі таңда 31 бригада 22201 тонна мал азығын дайындаған. Қоспалы мал азықтық  жем әкелумен тұрақты түрде 11 жеке кәсіпкер айналысады. Ауданға мал азықтық жем жеткілікті мөлшерде келіп тұр.

%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b4%d0%b8%d0%b3%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d0%bc%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d1%8b-%d0%b5%d1%81%d0%b5%d0%b9-%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b0
                                               Онды ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Есей Манаштың қабылдауында

Егін  шаруашылығы

Егін шаруашылығы  Жыңғылды, Ақтөбе, Өтес, Онды, Шетпе, Шайыр селолық әкімшілік аумақтарында өсіріледі. 27 шаруа қожалығы 195,98 гектар жерге егін егуде. 19 шаруа қожалығы 133,98 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдалануда. 25 шаруа қожалығының 10 126 560 теңге  бюджеттік субсидия алуға арналған құжаттары облыстық ауылшаруашылығы басқармасына тапсырылып, субсидия төленді.  «КазАзот» заводынан 50 пайыздық жеңілдікпен сұранысына сәйкес 25 егіншіге 106,75 тонна  тыңайтқыш алынып берілген.

Суландыру, жайылысты суландыру, жазғы мал жайылымын пайдалану

Ауданда су мәселесі өте күрделі мәселенің бірі. Қазіргі уақытта бұрғылап су шығару, оны жабдықтау қымбат болуына байланысты  шаруа қожалықтарының мүмкіндігі шектеулі. Соңғы 22 жылда бұрынғы су көздеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, су көздері уақыт өте келе ескіріп, бітелуде.  Ойдағы жайылысты сақтау мақсатында су тартатын шағын моторларды пайдаланып аудан бойынша 27 малшы бақташы өткен жылы жазғы жайылыс  Үстіртке шыққан болатын. Биылғы жылы Үстіртке 25 малшы бақташы шықты. Жайылысты суландыру мақсатында шаруа қожалықтарына  жаңадан 2015 жылы 16 құдық қазылса, биыл 6 құдық қазылып, барлығы 25  құдық болды. 80% -н субсидия ретінде Үкімет төлейді, 20% -н  шаруа қожалығы өзі төлейді. Жел және күн арқылы электр энергиясын өндіретін  қондырғыны 1 шаруа қожалығы қондырды.

Селолық тұтыну кооперативі,  селолық дайындау орталығы

Ауданда «Рәміз», «Шебір», «Жыңғылды» селолық тұтыну кооперативтері бар. Қаржылық жағдайға байланысты жұмыс жасай алмауда. Шетпе селосындағы мал сою пункті жеке кәсіпкерге (Кинах-Шопан ЖШС) басқаруға берілді.  Тұрғындардың малы жер қойнауын пайдаланушылардың сұранысына сәйкес сойылып, тапсырылып отыр.

Жыл басынан бері 7 тұлғаға 11 214 160,38 теңгеге «Маңғыстауагросервис» ЖШС-інен шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге лизингке техника, несиеге тауарлар  алынған.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мал шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін  3 тұлға 9 млн теңге алған.

Маңғыстау ауданының жұмыспен қамту бөлімі арқылы «Жұмыспен қамтудың  жол картасы — 2020»  бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін 7 адам  11 млн теңге алды.

Ветеринария саласы

Ветеринариялық стансаны материалдық- техникалық жабдықтау жақсы жолға қойылған. Аудан бойынша ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Соңғы 10 жылда аудан көлемінде жұқпалы ауру ошағы тіркелген жоқ. Ветеринариялық станса мамандары арқылы малдар сырғаланып, дерекқор базасына енгізілуде.

Қазіргі уақытта несиеге 2000 дана микрочип алынып жылқы малына салынуда. Айта кетсек, әрбір микрочип бағасы 650 теңге. Бірдейлендіру жұмысы жоспарға сәйкес жасалынуда.

Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің көрсеткіштері

Ауданда  орта  және  шағын  кәсіпкерлер  саны 01.10.2016 жылға 2212 адам болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда  5,4  пайызға өскен. Осы жылы аудан кәсіпкерлеріне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 22 адамға 29,0 млн. теңге  шағын  несие берілген.

  Оның  ішінде: «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша  22 адамға     63,6 млн. теңге  несие  алып,  20  адамның  құжаты  мақұлданып, келісім шартқа отыруда;

       «Қазагроқаржы» АҚ 1 адамға 2,5 млн теңге лизингке техника алуға;

       «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 7 адамға 11,21 млн теңгеге лизингке техника, жалға мал, несиеге тауарлар  алуға,

 Барлығы  77,31 млн. теңге несие берілді.

      «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1-бағыты  бойынша 23 адамның  187,0 млн. теңгеге құжаты тапсырылды. 

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірлесіп ауданда ауыл шаруашылық өнімдерінің және азық-түлік жәрмеңкелері ағымдағы жылдың 20 наурызында ҚР мәжілісінің, жергілікті деңгейдегі сайлау күні сайлау учаскелерінде өткізілді.

Маңғыстау ауданында орналасқан  наубайхана — 7, тамақ беру орталығы (шайхана, асхана) -34, мейрамханалар -15  және дүкендер саны -280.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысының екінші бесжылдығына арналған Индустрияландыру картасын жасақтау және жаңа жобаларды енгізу жүмыстарына сәйкес «Шетпе Сулары LTD» ЖШС-нің 125,0 млн. теңгеге құрайтын минералды су шығаратын,  «Карьертау» ЖШС жалпы құны 300,0 млн.теңге құрайтын темір бетон зауыты инвестициялық жобалары енгізіліп, Шайыр минералды су цехі ағымдағы жылдың сәуір айында іске қосылды.  

Ауданда экспедиция мүшелерін маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов пен ауданның шаруалары қарсы алды. экспедиция құрамы аудан белсенділері ұйымдастырған жиынға қатысты. Жиын барысында ауданның өткені мен болашағы айтылды.

Жиында сөз алған «Қазақстан-Zaman» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы ауданның күннен-күнге  өсіп, көркейіп келе жатқанын жасырмады:

-Шыны керек мен киелі Маңғыстауға ғашықпын. Екі-үш жылда Маңғыстау ауданына келіп тұрамын. Ауылға арналған экспедицияның ұйымдастырылғанына 4-5 жыл болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Біздің газетіміз де сол тәуелсіздіктің алғашқы қарылғаштарының бірі десек артық айтқандық емес. Газетіміз 37 елде шығып тұрады. Экспедицияның нәтижесі яғни ауылдың тыныс-тіршлігі 25 желтоқсан күні Астана қаласында депутаттардың және ауыл шаруашылығы министрлігінің қатысуымен өткізілетін жиында айтылады.

%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%ba%d0%b8%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d0%b7%d0%b8%d1%8f%d1%80%d0%b0%d1%82-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%b4%d1%8b

Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясы МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы қазақтың түп-тамыры ауыл екендігін айтты:

-Қазақтың түп-тамыры ауыл ғой. Барлығымыз осы ауылдан шыққанбыз. Бұл экспедицияның басты қолдаушыларының бірі «Нұр Отан» партиясы. Мұның барлығы ауылдың жағдайы жақсы болсын деген мақсатта ұйымдастырылып жатыр деп ойлаймын. Негізінен кәсіпкерлікті дамыту ауылды гүлдендірудің негізгі көзі дер едім. Оған мемлекетіміз барлық жағдайын жасап жатыр. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар соның айқын дәлелі. Болашақта ауыл барлық жағынан қаламен теңесі керек. біз барлығымыз да осындай жағдайды жасауымыз керек.

Шарада әр қатысушы өз ойын ортаға салды. Солардың бірі, Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Досмырза Имашев.

-Бізде «Бейнеу терминалы» бар. Осы терминал бидайды өңдеп, астық қылып шет елге жібереді. Менің ойымша сонда шығатын астықты осы біздің кәсіпкерлерге төмен пайызбен берсе, сосын арғы жағын мемлекет субсидиялап береді.

Жиында сөз алған Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов ауданда болып жатқан жаңалықтарға тоқталды.

-Шетпенің үстімен Ақтау, Жаңаөзенге жақсы жол салынып жатыр. Ауылдардың арасындағы жолдарды қосып жатырмыз. Жылда кезегімен ауылдардың ішін асфальттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биыл Өтес ауылына тас жол төселіп жатыр. Былтыр Үштаған, Жыңғылды, Шайыр ауылдарына тас жол төсеген болатынбыз. Ауыл жақсы дамып келе жатыр. Ауылдарды толық сумен қамтамсыз етіп жатырмыз. Бізде қалып тұрғаны қазір тек Жармыш деген ауыл. Қалған ауылдардың сумен күрделі мәселесі шешілген.

Экспедиция мүшелері Әбіш ауылында

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінде болған экспедиция мүшелері содан соң, Әбіш Кекілбаевтың туған жері Онды ауылында болды.

Шара барысында экспедиция мүшелерін Онды ауылы әкімдігінің бас маманы Есей Манаш күтіп алып, ауылдың тыныс-тіршілігін айтты.

 -Ауылымыз қарқынды дамып келе жатыр. Су тартылған, газ бар. Ауыл халқы жұмыспен қамтылған. Негізгі жұмыс енді мектепте, амбулаторияда, сосын өндірісте. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарымыз да бар. Ауыл үйлерінің көбісі жеңіл жөндеуден өткен. Ауыл жолдары күрделі жөндеуден өткен.

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d1%88%d1%83%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b8-%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%b1

Экспедиция мүшелері Онды ауылына сапар барысында Онды орта мектебіне де барды.  Мектеп директоры Тоқжан Бисекенова мектеп жетістіктерін айтып, оқушылардың оқу-үлгеріміне тоқталды.

-Қазіргі таңда мектеп жағдайы өте жақсы. 2006-2007 күрделі жөндеуден өткен. Англиядағы Кембридж мектебінің үлгісінде жаңартылған. Оқу құралдары жаңа. Мектебіміздегі 247 бала оқып жатыр. Басқұдық пен Бекі ауылынан келіп оқитын балалар бар. 18 сынып комплектесі бар. Спорт залымыз, акт залымыз заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балаларымыздың ішінде халықаралық олимпиадалардан орын алғандарыда бар. 2015-2016 жылғы үлкен жетістігіміз бір баламыз 123 балмен алтын белгі иегері атанды. Бір баламыз халықаралық олимпиададан орын алып, ҰБТ-дан босатылған болатын. 3 оқушымыз үздік аттестат алды. Бұл көрсеткіштер жалпы орта мектеп үшін үлкен жетістік дер едім. Мектебіміз аудан әкімінің 500 000 мың теңге сыйақысын ұтып алған.

Онды ауылының көрсеткіштері

Онды селолық округі Маңғыстау ауданы әкімінің №43 шешімімен 03.03.1993 жылы селолық округ болып қайта құрылды. Әкімшілік орталығы Онды селосы Маңғыстау  ауданының орталығы Шетпе кентінің шығыс бетінде 31 шақырым қашықтықта орналасқан. Онды селосы  әкімшілік аумағына Бекі, Басқұдық елді мекендері  кіреді. Селода 251 бала оқитын Онды орта мектебі, 45 бала оқитын Бекі бастауыш мектебі, Бекіден мектепке дейінгі тәрбиедегі  26 орындық «Қарлығаш» шағын орталығы,  Онды селолық дәрігерлік амбулаториясы,  50 орындық «Құлыншақ» балалар бақшасы, Бекі елді мекенінде медициналық пункты бар.

        Онды селолық округінің жалпы көлемі 506842 га. Селолық округ аумағындағы жердің  446006 га ауыл шаруашылығына пайдаланылатын мал жайылымы, 269  га  суармалы  егістікке жарамды жер болып саналады.

                                                Ауыл өнеркәсібі

         Онды селосы аумағында мал  өнімдерінен басқа өнім өндіретін өнеркәсіп орындары жоқ. Село тұрғындарының еңбекке жарамды  195 азамат облыс аумағындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ы, «Маңғыстаумұнайгаз», «Қарақұдықмұнай»ААҚ-дарының еншілес өнеркәсіп орындарында еңбек етеді.

                                      Ауылдың мал  шаруашылығы

         Село халқының кәсібі мал шаруашылығы болып табылады. Село аумағында    ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіретін, мал өсіретін 30 шаруа қожалығы  жұмыс жасап тұр. Осы шаруа қожалықтары мен   236 село тұрғындарының жеке қожалықтарының 01.01.2016 жылға  берген малының есебі  14012 бас қой-ешкі,  788 бас сиыр,  1889 бас жылқы,  1735 бас түйе.   Село тұрғындарының  жеке қожалықтарында өндірілетін ет, сүт, елтірі, жүн өнімдерін Ақтау, Өзен, Жетібай, Шетпе  базарларына шығарады. Қазіргі кезде тек қана жеке қожалығындағы мал табысымен, оны өндірумен 50 отбасы айналысып, мемлекет тарапынан басқалай жәрдем күтпей-ақ отбасыларын асырауда.

                                      Шағын және орта бизнес

Село аумағында  шағын және орта бизнеспен айналысатын, соның ішінде  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 30 шаруа қожалығы, халыққа күнделікті тұрмыстық  сауда қызметін көрсететін 6 кәсіпкер, 2 жеке меншік малдарын ауылдан тыс жерлерде  отарлап бағатын бақташылар, жергілікті жердегі жолаушы тасымалын облыс, аудан орталығымен қамтамасыз етіп отырған 1 микроавтобус, 1 автобус қызмет көрсетеді.

Жұмыссыздыққа және кедейшілікке қарсы күрес

         Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес арнайы бағдарламасы негізінде жыл сайын жоспарлы  жұмыстар жүзеге асырылады. Бірінші кезекте қолда бар мүліктерді пайдаланып, өзін-өзі  жұмыспен қамтуына жағдай жасау, сол арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту.  Еңбекке жарамды 3 адам су, бұлақ көздері маңдарынан бау-бақшалық жер алып өнім өндірумен айналысып өздерін жұмыспен қамтиды. Олардың әр біреуі жылына орта есеппен 1,5 т бау бақша өнімдерін және 1,5 т жеміс жидек өнімдерін өнімдерін өндіріп алыс жақын базарларда сатады.Село тұрғындарының көпшілік бөлігі негізінен өндіріс орындарында, Онды серіктестігі мен село аумағындағы мекемелерде тұрақты жұмыспен қамтылған. 2016 жылғы халықты жұмыспен қамту деңгейін  қарасақ бірде-бір жұмыс жасамайтын отбасы тіркелмеген. Қоғамдық қызметке 2015 жылы   барлығы  10 адам тартылды. Олардың көмегімен көше тазалығы, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалынды. Село аумағындағы  тұрмыс көзі төмен отбасылармен, кедей азаматтарға мемлекеттік тиісті  атаулы әлеуметтік көмектерімен қоса, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру жолымен де көмек беріліп отыр.

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d1%83%d1%88%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b8-%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%b1%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d0%bd
                                   Экспедиция мүшелері Онды орта мектебінің оқушыларымен кездесті

Білім  беру

         Онды селосы аумағында жалпы білім беретін Онды орта мектебі және Бекі бастауыш мектебі бар. Онды орта мектебі 1985 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі кезде мектепте  барлығы 36 мұғалім, оның 30 жоғары білімді және 6 арнаулы орта білімі бар мұғалімдер жұмыс жасайды. Мектепте  247 бала білім алады. Сапалы білім беруде  Онды орта мектебі білім беру жүйесінің қызметі жетілген, жыл сайынғы  жоғары оқу сапасымен мектеп бітірген оқушы жастардың жоғарғы және арнаулы орта  оқу орындарына грант  бағдарламасы бойынша  қабылданады. 2015 жылғы оқу жылын аяқтаған  түлектер өз қалаулары бойынша жоғары, арнаулы орта   оқу орындарына оқуға түсіп мамандық алуда.  Барлығы да ортадан жоғары  бал алды. Сертификат ала алмай қалғандар болған жоқ. Мектеп тарихында алғаш рет 2015 жылы мектеп бітірушілер арасында Мұратбеков Рауан Сәкенұлы «Алтын белгі» иегері атанды. Онды орта мектебі 2015 жылы  жалпы орта білім беретін мектептер арасынан Маңғыстау облысы бойынша жеңімпаз болып, 17 млн 091 мың 200 теңгенің сертификатын жеңіп алды.  Бүгінгі күні мектепте 16 сынып комплексі бар. Орыс тілі мен дене тәрбиесі пәнідерінің мамандарынан басқасы  жеткілікті.

%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%bb%d0%b8%d1%8f%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d1%8b-%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d0%b1%d1%80%d0%b8%d0%b4%d0%b6-%d0%b6%d0%be%d0%be-%d1%83%d0%ba%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bf-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%8bМектеп 2006-2007 жылдары  күрделі жөндеуден өтті. Мектептің кітапхана қорын көбейту    мақсатында Президент және Ә.Кекілбайұлы шығармаларымен, энцеклопедиялармен толықтырылып «Қазақтүрікмұнай» 1 млн теңгенің кітаптарын сыйлады. Мектептегі 2 компьютер класы, мултимедия кабинеті интернетке қосылды. Мектеп кітапханасында құны 707530 теңге тұратын 1164 кітап қоры бар. Мектеп жанында ата-аналар комитеті тұрақты жұмыс жасайды. Оқушылардың  өнерге, ән, би, спортқа деген ынталы көзқарасын жетілдіріп қалыптастыруда 3  түрлі үйірмелер, спорттық секциялар жұмысы тұрақты ұйымдастырылған. Онды орта мектебі қамтитын аз қамтылған отбасылардың балалары үшін арнайы ыстық тамақ ішу жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып отыр.

Ауыл мәдениеті

         Онды селосы аумағында 3 мәдениет орталығы жұмыс жасайды, оның екеуі орталық кітапхана мен мәдениет үйі село орталығында, бір кітапхана Бекі елді мекенінде орналасқан. Орталық кітапхана қоры жақсы сақталған. Жыл сайын жаңа кітаптармен толығып, шығармашылық тұрғыдағы кітаптар әкелінеді. Жыл ішіндегі мереке күндері ауыл өнерпаздарының ұйымдастыруымен мәдени-көпшілік шаралар тұрақты өтеді. Жас  жеткіншек өнерпаздарды дайындауда ән, би, домбыра үйірмелері тұрақты жұмыс жасайды.Аудан көлемінде ұйымдастырылатын мәдени шаралар, жыр, терме, домбыра, би өнерлері сайысынан село жастарынан құралған өнерпаздар тобы жүлделі орындарды иеленді. 2012 жылы ауылымыздан жас өнерпаздар «Әбіш серілері» КВН командасы құрылып, Атырау, Ақтау, Жаңа Өзен қалаларынан командалар арасынан жеңімпаз болып, жүлделі орындар алып жүр. Онды мәдениет үйі Маңғыстау ауданы бойынша 3 мәдениет үйі қатынасқан «Үздік клуб» сайысына қатынасып, нәтижесінде шығармашылық жобасы «Алғыс хатпен» марапатталды.2014 жылдан бастап драма үйірмесі жұмыс жасап келеді. Қойылымдары жоғары баға алып жатыр.

Ауыл денсаулығы

         Онды селосы аумағы және оған қарасты елді мекендердегі халықтың денсаулығын сақтау, оларға дәрігерлік уақытылы көмектің көрсетілуін Онды селолық дәрігерлік амбулаториясы атқарады. Онды СДА-сында педиатор дәрігер,  1 акушер,  8 медбикелер, 2 тех қызметкер, 1 автокөлік жүргізушісі жұмыс жасайды. Село тұрғындарына 2015 жылы күндізгі стационар есебінен тегін дәрі- дәрмектер берілді. Барлық егу жұмыстар  жүз пайыз жүргізілді. Жыл бойына қабылдау  4775 адам, ал күндізгі бөлімде ем алғандар 199 адам.  Бекі елді мекенінде медициналық пункт жұмыс жасап тұр.

Ауыл халқы салауатты өмір салтын ұстанады

         Село жастарының дене тәрбиесі, спортпен тұрақты шұғылдану қызметтерін село әкімі аппараты ұйымдастырады. Село жастарының дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Жақсы жабдықталған  1жабық, 1 ашық спорт алаңдары, 1 кіші футбол алаңы бар. Ауыл жастары арасында волейбол, баскетбол, футбол, күрес бағыттарында ұйымдастырылатын спорттық секциялар бар. Жалпы село жастарының спортқа деген ынталары жақсы, аудан орталықтарында өткізілетін сайыстарда, спортакиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Атаулы мереке күндері кең ауқымда спорттық шаралар ұйымдастырылады. Село жастары арасында салауатты өмір салтына  қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-дәстүріне жат  нашақорлық, ішімдікке салыну, темекіге әуестік сияқты құбылыстардың жиркенішті, зияндылығы, қайғы-қасіреті турасында бейне көрсетілімдер, дөңгелек үстелдер, лекциялар, әңгімелесулер жиі өткізіліп тұрады. Соның өзіндік әсері болар соңғы уақытта село жастары арасында спорт түрлері мен  шұғылданатын, салауатты өмір салтын ұстанатын жастар саны артып отыр.                                                 

Айман Оңғарбайқызы