ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ: ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК РЕКОРД ОРНАТПАҚ
Бүгін 14 қыркүйек «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырмақ.
Бұдан бөлек Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. «Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр.
Айта кетейік, алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі