Ұлы Отан соғысының ардагерлері мәңгі есте

2018 жылдың 5 мамыр күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы»  Атырау облысы жастар қозғалысының  ұйымдастыруымен «Қамқор» акциясы   аясында  облыстық қарттар үйіндегі Ұлы Отан соғысына қатысқан Николай Славовпен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысы ардагері Николай Славов өзінің бастан кешкен оқиғалары жөнінде біраз әңгіме тарқатып, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанын қуанышпен әңгімелеп берді және де жастарға риза болып, батасын берді.

Кездесу соңында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы»  Атырау облысы жастар қозғалысының  көшбасшысы Ильяс Болатұлы және мүшелері Ұлы Отан соғысы  ардагеріне  ала барған дәм сыйын табыстады.

                                                                                      Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                      «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                      баспасөз қызметі