Ұлыбритания 80 пайыз күміс сатып алыпты
LS сайты: «2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шетелге 855,1 тонна күміс тасымалданды. Аталған металлдың жалпы құны – 445,8 млн долларды құрады»,— джеген ақпарат таратты.
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылмен салыстырғанда, экспорт 13,8 пайызға (992,6 тонна), кіріс 10,9 пайызға қысқарған.
Күмістің ірі партиясы Ұлыбританияға жіберілген көрінеді. Аталған мемлекет Қазақстаннан құны 364,2 миллион доллар болатын 706,1 тонна күміс сатып алыпты. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда, патшалыққа экспорт 29 пайызға төмендепті.
Бұдан өзге, Германия құны 73,7 миллион доллар болатын 134,4 тонна, ал АҚШ құны 7,8 миллион болатын 14,6 тонна күміс сатып алса керек.