Ұлытау ауданында «Отырардан – Ұлытауға» тарихи-ағартушылық экспедициясы болып қайтты

Ұлытау ауданына «Отырардан Ұлытауға» тарихи-ағартушылық экспедициясы келді. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Экспедиция Алаша хан мен Жошы хан кесенелерінде, «Домбауыл» кешенінде, сондай-ақ Әулиетауда және Ембұлақ шатқалында болды. Осыдан кейін саяхатшылар сапар орталығында аймақ жұртшылығымен кездесті.

 

 

Экспедиция құрамына Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері, Халық ақыны Әселхан Қалыбекова, Отырар археологиялық қорық-мұражайының директоры Жангелді Мақашев және т. б. кірді.

Пердехан Жаппарқұлов пен Жангелді Мақашев Отырар ауданының тарихи және мәдени нысандарының ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ жылжымалы көрме таныстырылды.

 

 

Материалдық фактілер тұрғысынан ұлы Отырар қаласының тарихы жайлы ақпарат беру үшін біз бүкіл ел бойынша көшпелі көрме ұйымдастырдық, — дейді Пердехан Жаппарқұлов. – Көрме аясында Ұлытауға Отырар қаласында дүниеге келген Әбу Насыр Әл-Фарабидің ребаб пен әл-канун аспаптарының көшірмелерін алып келдік.

 

 

Белгілі ақын Әселхан Қалыбекова Ұлытауға арналған өлеңін оқып, тарихи жерлерге саяхатынан алған әсерлерімен бөлісті.

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат