Ұмытыла бастаған ұлттық құндылық…
Қазақ дәстүрі мен әдет-ғұрпында көп заттың ішкі мағынасына мән бере бермейміз. Мәселен, шаңырақтың бір-біріне қарсы крест болып түсуі, төрткүл дүниені көрсететін белгі екен. Батыс пен шығыс, оңтүстік пен батыс айқын айшықталған. Қазақтар сыйлы қонағына тартылатын бастың құйқасын да пышақпен тіліп белгілеген. Ал енді тұмар, білезік сырға секілді мүліктердің жасалу тарихы да пәлсапамен ұштасып жатыр. Мысалы тұмар не себепті үш бұрыш болатыны да кез келген оқырман мен көрермен үшін жұмбақ.
Ал, білезіктің құпиясы неде? Әйелдердің қолынан, алақанынан күш таймауы үшін, энергиясы ағзаға тарамауы үшін қол мен ағза арасын білезікпен шектеген.