Универсиада-2017: Жарыстарға қалай баруға болады?

Универсиада шараларын өткізуге байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады. Ал қоғамдық көлік белгіленген  кесте бойынша жүреді.

Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін  жерлерге бұрынан қатынап жүрген  555 автобустар жеткізетін болады:

  1. Орталық Стадионға дейін – 17 бағыт, 282 автобус;
  2. Шаңғы трамплині кешеніне дейін – 3 бағыт, 88 автобус;
  3. «Алматы Аренаға» дейін – 4 бағыт, 55 автобус;
  4. «Халық Аренаға дейін» – 5 бағыт, 112 автобус;
  5. «Медеу»  мұз айдынына дейін – 2 бағыт, 18 автобус;       

Қажет болғанда бағыттар күшейтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, кміде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда  FISU-дің талаптарына және дүниежүзілік парктикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағының барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маңындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай  қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады.

Ашылу және жабылу салтанаттары

Универсиада ашылатын 29 қаңтар мен  ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері «Алматы Арена» стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі.  Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теңгені құрайды:

  1. Орталық Стадион — «Алматы Арена»
  2.  Астана алаңы (ҚБТУ) — «Алматы Арена»

%d0%ba%d0%b0%d0%b7-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d1%88%d1%80%d1%83%d1%82-%d1%8d%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%84%d0%b5%d1%82%d1%8b-%d0%be%d0%b3%d0%bd%d1%8f-%d0%b8%d0%bd%d1%84%d0%be%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%b8%d0%ba

Жарыс күндерінде

Жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт  нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы  атқарылады:

— Орталық  Стадион;

— «Саяхат» автобекеті;

— Алматы-1 теміржол вокзалы.

%d0%b4%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b2%d0%ba%d0%b0-%d0%bd%d0%b0-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%bd%d1%8b%d0%b5-%d0%be%d0%b1%d1%8a%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%8b-%d0%ba%d0%b0%d0%b7