Үнсіздік ерік-жігеріңді жаниды
Үндемей жүретін адам шынында дана. Ақыл бізге ылғи көңіл күйге еруді міндеттейді екен, соның салдарынан сабырлы кезде айтпайтын сөздерді ашумен, қуанышпен айтып салады екенбіз. Үнсіздік – ақымақтыққа қарсы ең мықты қару.
— Ұстаз, маған ақыл айтшы.
— Үндеме.
— Түсінбедім?
— Сондай жаттығу. Үндеме. Бір тәулік ешкімге жақ ашпа.
— Үндемеу қиын емес қой.
— Қолыңнан келе ме екен істеп көрші, қанеки…
Мен үндемей жүрейін деген кезімде жарты сағаттан кейін сөйлеп кеттім. Артынша үндемеуім керектігі есіме түсіп, аузымды жаба қоятынмын. Үнемі солай жалғаса берді. Содан кейін сөйлегім, қарсы пікір айтқым, жауап бергім келгенде, мен үндемеуге тиісті болдым. Осыдан кейін көп жағдайда сөйлеудің, сөз шығындаудың қажеті шамалы екенін ұқтым. Менің үнсіздігім өзіме сабыр берді. Рухымды жігерлендірді. Дау азайды, ұрыс кеміді, араздық жойылды. Содан соң барып үйренісе бастадым. Үндемеу – аскеза екен, ол өзінің жемісін береді. Адамның ерік-жігерін жетілдіреді. Қолыңнан келсе, істеп көр.
Аударған Шынар Әбілдә