ҰОС АРДАГЕРІ ТҰРҒАН ҮЙГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Ізбасаров Шомақ атаның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Ол ардагер атаның тұрған және еңбек еткен Сам ауылындағы үйдің қабырғасына ілінді.
«Ескерткіш тақтаның орнатылуына ауыл әкімі ұйымдастырып, ауыл ақсақалдары бір ауыздан қолдап ашылды. Биыл соғыс және еңбек ардагері Шомақ Ізбасарұлы 3 жыл бұрын өмірден озып, жеңістің 75-ші көктемін көре алмай кетті. Биылғы жылы 100 жасқа толар еді. Шомақ ағамыз ауылшаруашылық саласының өркендеуіне аянбай қызмет жасаған үлкен азамат. Лайықты адамға ескерткіш тақтаның қойылуы — ол жастарға деген тәрбие. Өйткені, ардагердің істеген істері, артында қалдырған еңбектері, ол өсіп келе жатқан біздің жастарымызға өшпес қалдырған із» — деді Сам ауылының әкімі Нұрғабай Әлімбаев
Ақпарат
1920 жылы Маңғыстау облысы, Төбеқұдық жерінде дүниеге келген. 1938 жылы Таушық көмір өндіру кен орнында жұмыс жасаған. Көмір өндіруді 115 пайызға орындап, «Стахановшы» атанған. 1946 жылы елге оралған. 1947 жылы отбасын құрған. 1947 жылдан жылқышы,1954-1972 жылдары қой баққан. 1972-1980 жылдары совхозда жұмысшы болған. 1980-1985 жылдары қой бағып, зейнеткерлікке шыққан.
1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Форт-Шевченко, Атырау –Барнаул шаңғышылар батольонында болған. Украина, Беларуссия, Польша және Германия жерлерінде соғысқа қатысқан.
«1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісінің – 20, 50, 60, 65 жылдығы» медалдары «КСРО Қарулы Күштерінің-50 жылдығы» медалы, «Украинаны неміс фашистерінен азат еткеніне-60 жыл медалы, «Беларуссияны неміс фашистерінен азат еткеніне — 65 жыл медалы, Белгі «Фронтовик» 1941-1945 ж.ж., «Астанаға-10 жыл» медалы
Ардагер жұбайы-1993 жылы қайтыс болған, 10 баласы, 49 немересі, 15 шөбересі, 42 жиеншары бар.
БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ