Үш түрлі деңгейлі адамдар
Барлық тіршілік етуші адамдарды үш деңгейлі топқа бөлуге болады:
Бірінші топтағы адамдарды құнарлы асқа теңеуге болады. Себебі, оларды əрдайым жəне əркез барлық тіршілік атаулы қажет етіп тұрады.
Екінші топтағы адамдарды шипалылығы бар дəрі-дəрмекке теңеуге болады. Бұл топ адамдары тек белгілі бір уақыттарда ғана керек болады.
Үшінші топтағы адамдар құдды бір ауруға ұқсас болады. Олар ешқашан ешкімге керек емес, бірақ та кейде біреудің жанынан табыла кетеді. Олармен ешкім де достаса алмайды. Олардан ешқандай да адамзатқа тиер пайда болмайды. Олармен қатынас жасағанда өте сақ болған абзал, себебі зияны тиіп кетуі əбден мүмкін.
✍ Имам əл-Ғазали
Адамдар неғұрлым рухани болмыста дамып, өз-өзін Тəңірі жолында таныған сайын олар сөзсіз құнарлы асқа теңеледі. Бұл деңгейге жету үшін көп қажырлы өз-өзімен жұмыс, сабыр мен дұға қажет болады.
Аударған: «Шəкəрім» парақшасы.