Үш жұрт
Үш жұрт — жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың — күншіл, қайын жұртың — міншіл, нағашы жұртың — сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайынбар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың — қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады.
Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкіарсыз.
Үш даусыз — мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақ. Жол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.