«Үшбұлақ-2» жағалауы балдырдан тазартылуда
Бүгінде шаһар тазалығына айрықша мән берілуде. Осы мақсатта «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің көмегімен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, шаһардағы каналдарды күл-қоқыстардан аршу жұмыстары қарқын алуда. Айталық, қаланың көрікті орындарының бірі «Үшбұлақ-2» жағалауы қазіргі таңда балдырлардан тазалануда. Ұзындығы 950 метрді алып жатқан жағалаудың тазалық жұмыстарына 15 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылған. «Жасыл ел- Тараз» жұмысшылары күніне 8 кубқа жуық балдыр шығаруда.
Мамандардың айтуынша, тазалық жұмысы аяқталған соң келер жылы су айдынына балық жіберу жоспарлануда.