Үшжақты комиссия отырысы
Отырысқа үшжақты комиссия мүшелері, ауыл әкімдері мен кәсіпорын басшылары қатысып, күн тәртібіндегі 2 мәселе қаралды.
Аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ төрайымы Шынар Сәрсенқұлова 2023 жылы атқарылған жұмыстары мен 2024 жылға жоспары туралы баяндады.Баяндамашыға комиссия төрағасы Ернар Есіркепов денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің айлықжалақыларының уақыты төленуі, шалғай жатқан елдімекендердегі медициналық пунктегі қызметкерлердің жағдайы туралы сұрақтар қойып, аталған бағыттағы шаралар мүдделі ұйым тарапынан тұрақты бақылауға алынуы қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, отырыс барысында жалақы бойынша берешекті өтеу шаралары туралы «Луговской конный завод» ЖШС-нің директоры Скендиров Сұлтан Шугаевич аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, даму перспективалары туралы бөлісті.
Жиын соңында, комиссия төрағасы басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер аясында талқылау жүргізіп, еңбек жағдайларының ахуалы тұрақты түрде қатаң бақылауда болуы қажеттін ескертті.