ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні.

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор.

Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған.

Жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленуде.

Биыл да аталған дәстүр үзілмей, мұғалімдерді марапаттау шарасы жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты жиынға қа­тысқан Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қан­­шалықты маңызды рөл атқа­ратындығын тілге тиек етті.

 

 

«Бүгін біздің еліміз үшін айрықша мереке, ерекше мейрам.

Өйткені балаларымыздың, жарқын болашағымыздың, бір сөз­бен айтқанда, тұтас Қазақ­станның тағдырына жауапты жандардың еңбегі еленетін күн.

Білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпа­ғын тәрбиелеп жүрген әрбір педа­гогке халықтың айтар алғысы ұшан-теңіз.

Сіздер ұлы қызметтің тұтқасын ұстаған, маңызды мамандыққа маңдай тер төгіп жүрген жансыздар.

Елдің ертеңі үшін енгізіліп жат­­қан түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіруде сіздердің үлестеріңіз мол.

 

 

Ал­дағы күндеріңізге сәттілік пен қайрат тілеймін», — деді аудан әкімі.

Құшақ-құшақ гүл шоқтары.
Ақ тілек-құттықтаулар ыстық ықыластың барлығы да бұл күні ұстаздар қауымының құрметіне арналды.

Бірқатар ұстаздарды марапаттап, құрмет, алғыс хаттар берілді.

Ал, жылдар бойы еселі еңбек етіп, үздік шәкірт тәрбиелеген педагогтарды да ерекше ескерді.
Оқушылар ән жырдан, биден шашу шашып мереке сәнін аша түсті.