«Ұстаздық-ұлы қызмет!»

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Осы ауыр жүкті қайыспай көтеруге бел буып, шәкірт алдындағы жауапкершілікті бәрінен биік қойған аяулы ұстаздардың мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстаздық-ұлы қызмет!» атты арналған мерекелік іс-шара өтті.


Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Республикалық мекемелердің қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Жоғары оқу орындарының басшылары, Еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтар қатысты.

Салтанатты іс-шара А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры саханалаған Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын қойылыммен ашылды. Өңір педагогтарының жетістіктері туралы бейне ролик көрсетіліп, аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, облыс әкімі өңіріміздегі білім саласын жетілдіруге үлес қосып жүрген білім саласының майталмандарын марапаттады.

Марапат иелеріне облыс әкімінің Құрмет Грамотасы, Алғыс хаты, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және тағы басқа түрлі номинациялар табыс етілді.
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара талантты бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Аяулы ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Бейқұт Жамангозов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы