Ұяда не көрсең…
Жанат туралы осы шағын дүниені жазарда тәрбие тал бесіктен басталатыны есіме түскені. Әкесі Жатай Жұмаділов жиырма жыл облыстық білім бөлімін жемісті басқарған, Жамбыл өңіріне, арысы қазақ еліне белгілі, зиялы кісі
еді. Анасы Айткүл даңқты мерген, Халық Қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтың қарындасы.
Құдайға шүкір, анасының жасы 90-ға таяса да әлі тың, шөберелеріне бас-көз болып отырған ардақты әже. Былтыр Астанаға барып, Мемлекет басшысының қолынан ағасының Халық Қаһарманы атағының марапатын алды. Осындай отбасында тәлім-тәрбие алған Жанат Жұмаділова 40 жылға жуық мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып келе жатқан, өзі еңбек ететін іргелі ұжымда беделді, жастардың ақылшы-ұстазы.
Салық қызметі – еліміздің қаржы жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін шешуші қызметтің бірі болып саналады.
Республикамыздың Салық органдарының басты байлығы – оның қызметкерлері. Еліміздің барлық деңгейдегі бюджеттерінің толығуы, кәсіпкерлік белсенділік, инвестициялық ахуал және мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығы осы қызметкерлердің табандылықтарына, заңбұзушылықтарға қарсы тұруларына байланысты.
Салық органдарында жауапты, жоғары мамандандырылған, тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істейді. Осындай білікті де білгір мамандардың қатарында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Жанат Жатайқызының есімі құрметпен аталады.
Жанат 1964 жылы дүниеге келді. Жамбыл қаласындағы No8 Пушкин атындағы мектептің 1981 жылғы түлегі. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, қаржы және несие мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы облыстық атқару комитеті қаржы басқармасы Жамбыл қаласының Орталық аудандық қаржы қызметінен бастады. 1991 жылдан бастап, 38 жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.
Қатардағы маманнан басшылық қызметке дейін өсіп, 2009-2013 жылдары Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, одан кейін 10 жыл бойы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде қызмет етуде.
Қазіргі уақытта талдау және тәуекелдер басқармасын басқарады, мемлекеттік кірістер органдары алдында мемлекеттік бюджет жоспарларының сапалы орындалуы бойынша жұмысты қадағалайды. Жанат Жатайқызының салық саласындағы көп жылғы еңбегі «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі, «Қазақстан Республикасы қаржы қызметінің үздігі» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Қаржы министрлігінің, мемлекеттік кірістер комитетінің, облыс әкімінің, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының грамоталарымен марапатталды.
Өз кәсібіне адал, білімі мен тәжірибесін ел игілігіне арнаған Жанат Жұмаділова тынымсыз еңбегімен абыройға бөленіп, ұжым мақтанышына айналған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы…
Амангелді Әбіл