Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағышыдан

“Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағышыдан”-деп мақалдап жатады. Әйелдің тегіне, шыққан жеріне байланысты осылай деген.

Зер салған адамға мұнда үлкен мән мен мағына, терең сыр бар. Қазақтың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп: «Меңіреу әйелден меңіреу бала туады» дейді.

Әдетте біз «меңіреу» деп: көзі бар, бірақ көрмейтін, құлағы бар, бірақ естімейтін адамды айтамыз. Абай өзінің әйгілі Китаб Тасдиқ атты еңбегінде: «Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ақыл, ғылым деген нәрселерменен.

Мұның табылмақтығына себептер – әуелі хауас сәлим һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» дейді.

 

На изображении может находиться: 1 человек

 

“Хауас” арапша – сезім, “сәлим”– толық деп аударылады. Біздіңше – “толық сезім”, “сезімі толық” деп түсініледі. Бір ғажабы, хакім Абай “бұлар туысынан болады” деп нақтылайды.

Тап осы арада Мәшһүр Жүсіп пен Абайдың ойлары түйіседі: екеуі де бір ойды айтып отыр. Өзімізше түсіндірер болсақ, «меңіреу бала» – хауас сәлимі – толық сезімі жоқ бала.

Айтылған ойды әрі қарай індетер болсақ, мұндай «толық сезімсіз» бала «толық сезімсіз» әйелден, яғни «меңіреу» әйелден туады. Белгілі ғалым Советхан Ғаббасовтың айтуынша, адам жанының 12 каналы болады екен.

Бала жарық дүниеге келгенде осы 12 канал я ашық, я жабық боп туады екен. Сонда бұл жанның 12 каналы ананың құрсағында жатып-ақ ашылады екен ғой.

Ал осы жанының 12 каналы ашылмаған, хауас сәлимі жоқ меңіреу бала ғылым-білімге енжар, қауқарсыз, қабілетсіз, махаббатсыз болады.

Ғылым-білімге махаббатсыз бала түптің түбінде Құдайын да танымайды, өзін де танымайды, дүниені де тани алмайды. Осыдан-ақ әйелдің бала тәрбиесіндегі ролінің қаншалықты маңызды екенін өзіңіз-ақ аңғара беріңіз.

Екіншіден, Абай: бала осы үшеуінің (1. жақса ата, жақсы ана/ 2. жақсы құрбы /3. жақсы ұстаз) қайсысын көбірек жақсы көрсе, содан мінезді көбірек алады депті.

Әлбетте, бала кімді жақсы көреді? Тоғыз ай, он күн көтерген, Еңбегінде еті өлген, Мұздай бесік таянған, Жыласаң шошып оянған (Майлықожа) анасын жақсы көреді.

Сондықтан Мәшһүр Жүсіп: әкесі қанша жерден ғалым болсын, шешесі надан болса, бала соны жақсы көргендіктен надан болып өседі дейді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің мәнісі – қазақ, ел боламын десең әйелдің жағдайын жаса, оқыт, тәрбиеле – сонда ғана ел боласыңға саяды.

Бірақ ол қандай оқу? Оқудың да оқуы бар. Мәшһүр Жүсіп: «Әйел заты зәру білім алуы керек (әйелдік табиғатына сай – О.Ж.) сонда ол періштелік сипатқа ие болады, байын да жақсы күтеді», – дейді.

Сөзімізді қорытындылай келіп, «Алып – анадан туады, ат – биеден туады» дейді. Қазақтың «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап, Бектердің қызын айттырып алар ма екенбізінде» (Ақ­тамберді) зор мәніс бар.

Екеуі де текті болу керек. Бала еркектің белінде болады, әйелдің жатырына түседі. Жатыр деген мейірім деген сөз. Қазақ тексіз бала туралы: «Бұның шешесінің жатыры жаман еді» дейді.

«Жатыры жаманнан қандай бір жөнді бала тусын» дейді. Еркектің белінен келген текті ұрық текті жатырған түскен кезде ғана текті бала туады. Ананың жатыры жақсы болу керек.

Құранда: «Әйелдер сендердің егістіктерің» дейді. Яғни, бидайды өсіріп шығаратын құнарлы топырақ әйел деген. Мысалы, әйел тексіз болып, еркек текті болса, бала тексіз болып туады.

Қайсысынан көбірек келеді дегенде қазақ өзі айтып отыр: Үйдің жақсысы ағашынан, жігіттің жақсысы нағашыдан» дейді.

Сондықтан нағашы жұрттан көбірек келеді. Әйел адамның маңызы өте зор.

Осы Омар Жәлелұлы ағамыздың тектілік жайындағы жазбасы түсінген жанға үлкен дәріс. Ұлтпен ұрпақты сақтау үшін тектілікке мән беретін кез келді.

Көже қарнын тойдырғанға мәз, тексіз ұрпақ ұлттың діңгегін шабатын, сабы өзімізден болған балта. Көңіл қарны тоқ, ұлт болашағын ойлайтын текті ұрпақты, тектіден текті саралап ғана дүниеге әкелеміз. Тектілеріміз көп болсын.

 

Мақсат Сқақовтың

фейсбук парақшасынан