Үлескерлерден қаражат тарту үшін рұқсат құжаттары жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды
Үлескерлер тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан жобалардың тізімі анықталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Толық тізім төменде көрсетілген.
Сондай-ақ, сарапшылар «Astana құрылыс» құрылыс фирмасы ЖШС және «Лея» құрылыс компаниялары үлескерлерден ақша жинау үшін, қажетті рұқсат құжатынсыз жылжымайтын мүлікті сату туралы жарнама жариялаған. Демек Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 23-бабы бұзылған.
«Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тұрғындарға қаражат саларда мұқият болуды сұрайды және компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда баспана сатып алуға кеңес бермейді.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті рұқсатсыз үлескерлерден қаражат тартуға Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңымен тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған», — делінген хабарламада.