Үлкен дәретке уақытылы барасыз ба?

Осы ем іш қатудан біржолата құтылуға септігін тигізеді.

Іш қату – ішектің жұмысының бұзылуынан пайда болатын жайсыздық. Ол кезде ішек өзіндегі артық заттарды екі тәулікке дейін сыртқа шығара алмайды. Бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналған.

Іш қату әсіресе жүкті әйелдер мен жас балаларда жиі орын алады. Бұл кезде бәріміз де дәрігердің көмегіне жүгінетініміз жасырын емес. Десек те, дәріні күн сайын ішпесеңіз, ауруыңыздан айықпайсыз. Ал дәрі үзілген кезде үлкен дәреттің де үзілетінін көріп жүрсіз. Осы кезде халық емі іш қатудан біржолата құтылуға септігін тигізеді. Осы мақсатта бірнеше тәсілін ұсынамыз. Қажеттісін таңдап алып, ем ретінде байқап көріңіз. Ашытылған қырыққабат сөлін күніне жарты литрден ішіңіз. Бұл созылмалы іш қатуға ем болады. Пияздың қабығы асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, іш қатуды болдырмайды әрі зат алмасуды жақсартады. Ол үшін 1 бас пияздың қабығын 1 стақан суға салып қайнатасыз. Тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде таңғы астан жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу мерзімі – 2 апта. Зығыр майы – ішті жүргізетін қасиетке ие. Ол үшін тәулігіне 2 шай қасық май ішесіз. Татымы кішкене ащылау, бірақ шыдауға болады. Емді ұйқыға жатар алдында жүргізіңіз. Зәйтүн майы – іш қатуға таптырмас ем. Оның құрамындағы пайдалы дәрумендер ішектің жұмысын реттеп, ас қорыту жүйесін жақсартады. Емдік үшін күніне 2 рет 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Бал қосылған кофе – ағзаны сергітіп, қуаттандырады. Ішті жүргізіп, ішектегі артық шлактарды шығарады. Осы жайсыздықтан құтылу үшін күнде таңертең 1-2 шыны бал қосылған кофе ішіңіз.

Жүзім майы – жалпы ағзамыздың жұмысын жақсартады. Әсіресе ас қорыту мен асқазан жолдарының жұмысын реттеп, ішекті тазалайды. Күніне 2 рет 1 шай қасықтан жүзім майын ішіп жүрсеңіз, іш қату секілді аурулардан алыс боласыз. Есерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ