«Үлкенге құрмет» жобасын жүзеге асыруда
Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай
Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үлкенге құрмет» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты: бүгінгі ұрпақтың бейбіт заманы үшін өлшеусіз тер төгіп, ерең еңбек еткен үлкендерімізді құрметтеу, оларға алғыс айту.
Қасым ақын «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ!» — дегендей, басты міндет — ата-бабамыздың бізге мұра еткен тәуелсіздікті ардақтау.
Жобаның кейіпкерлері:
— Ұлы Отан соғысының ардагері, Соғыс даласындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі орденінің, «Ерлігі үшін» медалінің иегері — Бүркіт Есжанов.
— Қазақ білімі мен ғылымына үлкен үлес қосқан ғалым, профессор, филология ғылымдарының докторы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы университетте Қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалап, 40 жылдан астам ұстаздық жолда адал қызмет атқарған ардагер-ұстаз — Задан Тасқалиұлы.
— «Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы», «Ел тарихы – рухани қазына», «Ақтоғай өнерінің шамшырақтары», «Алаштың Әлиханы», «Ақтоғай жер-су атаулары» атты кітаптары жарық көрген. «Ақтоғай энциклопедиясын» жинақтап жазып, құрастырушы, бас авторы,Алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртуда, бабалар рухтарын ұлықтауда жаңа қадамдар жасап , рухани мәдени шаралардың ұйымдастырушысы, республикаға белгілі өлкетанушы, мәдениеттанушы, ұстаз — Тұңғышбай Өміртайұлы.
— 20 баланы тәрбиелеген адал жар, асыл ана, аяулы әже — Рымтай Нескейқызы.
Әр кейіпкерге Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің атынан Алғыс хат және «Нұр-Әсем» сән үйінің директоры Венера Абдуғалиқызының атынан арнайы тігілген шапан сыйға тартылады.
Жомарт Шаймұрат