Үміткерлер анықталды
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беруге 29 млн.теңге қаражат бөлініп, 53 үміткердің өтінімі түсті. Аталған бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі уміткерлерден қабылданған құжаттарды тексеру барысында 14үміткердің құжаттары толық еместігі, сонымен қатар, сәйкессіздіктер анықтап, 5 жұмыс күні ішінде қайта пысықтау үшін кәсіпкерлерге құжаттарын қайтарған болатын. Алайда, 2 үміткер бұл мерзімнің ішінде құжаттарын пысықтап, қайта тапсырмағандықтан Конкурстық коммисия отырысына 51 жоба ұсынылды.
Конкурстық комиссия мүшелері кәсіпкерлердің жобаларын іріктеу кезінде дербес дауыс беру арқылы 29 жұмыс орнының құрылуымен 14 кәсіпкердің жобасы мақұлданды, яғни жаңа бизнес жоба болып табылатын – жобаны орналастыру үшін үй-жайдың болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейін ескере отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімдері мақұлданды. Олар: «Кадуов Жумабай Магзомович» ЖК-нің«Ұн өндірісі орнын ашу» жобасы.
Жоба Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында орналасқан.
Жоба жүзеге асқан жағдайда ауданды сапалы ұн өнімдерімен және кебекпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орны- 1 адам. «Райян» ЖК-нің «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету орталығы» жобасы;
Жоба Қызылқоға ауданы, Миялы селосында орналасқан.
Жобаның мақсаты – ұмыт қалып бара жатырған ұлттық қолөнерімізді заманауи үлгіде жаңғыртып бұйымдар жасауды үйрету және жаңа жұмыс орындарын ашу. Ашылатын жұмыс орны — 2 адам.
«Сафия» ЖК-нің «Жиһаз өндіру және жаңғыртып, қалпына келтіру» жобасы.
Сипаттамасы: Жоба Исатай ауданы, Аққыстау ауылында орналасқан. Жоба жүзеге асқан жағдайда ауданда сапалы жиhаз түрлерін жасап және ескі жиhаз түрлерін жаңартатын болады. Ашылатын жұмыс орыны – 1 адам. «Сугиров Т. Б.» ЖК-нің«Гидро және жылу оқшаулауға арналған құрылғыны (гидро и теплоизоляция) сатып алу» жобасы.
Сипаттамасы: Жоба Жылыой ауданы, Құлсары қаласында орналасқан. Ашылатын жұмыс орны – 2 адам.
«Мамбетова С.Т.» ЖК-нің«Гинекологиялық кабинет ашу» жобасы.
Сипаттамасы: Жылыой ауданы, Құлсары қаласында орналасқан.Ашылатын жұмыс орны – 2 адам
Жылыой ауданында цифрлық видеокольпоскоп аппаратымен жұмыс істейтін бірде-бір мекеменің болмауынан мақұлданбады. «Джумагалиев А.К.» ЖК-нің«Ашытылған квас өндіру» жобасы;
Сипаттамасы: Жоба Жылыой аудыны, Құлсары қаласында орналасқан.Ашылатын жұмыс орыны – 3 адам.
«Жолжанова Самал Жолжанқызы» ЖК-нің «Кілем тазалау цехын ұйымдастыру» жобасы;
Сипаттамасы: Жоба Мақат ауданы, Доссор ауылында орналасқан. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 2 адам.
Жобаның мақсаты аудан халқының кілем тазалау қызметіне сұранысын қамтамасыз ету, арнайы профессионалды құралдарды пайдаланып жоғары деңгейде қызмет көрсету.
«Ем болсын!» ЖК-нің «Инсульттан кейінгі оңалту» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Мақат ауданы, Мақат ауылында орналасқан. Жаңадан ашылатын жұмыс орыны логопед-дефектолог– 1 адам.
Мақат ауданы бойынша инсульт алған науқастар санының көптігі және де аудан ауруханаларында аталған аппараттармен қызмет көрсетілмейтіндіктен, оңалту орталығын ашу қажеттілігі туындап отыр.
«Атырау плазма крой» ЖК-нің «Көркем бейнелеп кесу элементтері мен басқа да әртүрлі бұйымдарды өндіру» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Атырау қаласындаорналасқан
Жобаның негізгі мақсаты металлдан жасалатын бұйымдар мен элементтерді өндіру. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 2 адам.
«Профмед» ЖШС-нің «Емдеу қызметін көрсететін инновациялық медициналық орталық» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Атырау қаласында орналасқан. Негізгі мақсаты – Тірек-қимыл жүйесін (ВТЭС — внутритканевая электростимуляция инновациялық технологиясын қолдану арқылы) емдейтін «Стоппэйн» атты мамандандырылған медициналық орталық ашу. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 4 адам.
«Усен» ЖК-нің «Сенім» мүгедектерге арналған спорттық оңалту орталығы» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Атырау қаласында орналасқан. Негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығын ашу. Ашылатын жұмыс орыны – 2 адам.
«Айтбаева Зинаида Хайзоллиевна» ЖК-нің «Атырау қаласындағы инновациялық мал сою орны және ет жартылай фабрикаттары өндірісі» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Атырау қаласында орналасқан. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 3 адам.
Жобаның негізгі мақсаты – халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету, сонымен қатар, өндірілетін өімдерді Кедендік одақтың техникалық регламент талаптарына сай болуы. Жобаның тағы бір артықшылығы ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерімен бірлесе отырып жұмыс жасауында.
«Мухамбетова С.Ж.» ЖК-нің «Жоғарғы сынып оқушыларын тегін оқытуға арналған тігін шеберханасын ашу» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Махамбет ауданы, Махамбет ауылында орналасқан. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 3 адам.
Жобаның мақсаты жоғары сынып оқушыларын тігін шеберлігін үйрету және мүгедек адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ, бизнес жоспарға сәйкес кәсіпкер дайын өнімдердін сату арқылы табыс табуды көздеп отыр. Бизнес-жобаны орналастыру үшін ғимарат қарастырылған.
«Кумарова Р.С.» ЖК-нің «Кондитер өнімдерінің инновациялық өндірісі» жобасы; Сипаттамасы: Жоба Махамбет ауданы, Береке ауылында орналасқан. Сақталып отырған жұмыс орны 4 адам
Махамбет ауданын кондитерлік өнімдермен, соның ішінде нан, пешен, піспенан және тапсырыспен дайындалатын кондитер өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірден бір мекеме болып табылады. Кондитерлік өндірісін кеңейту мақсатында заманауи технологияларды қолдана отырып, кондитер өнімдерін, пешен ассортиментін ұлғайту және қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу.Бизнес-жобаны орналастыру үшін ғимарат қарастырылған.
Өз тілшіміз