Үш мемлекетаралық пойыз Қазақстан арқылы қатынайды

Маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызы Ресейге Қазақстан арқылы өтетін болады. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

Ресми мәліметке сенсек, үш пойыз да Бішкектен шығады. Олар:

  • 17/18 «Бішкек-Самара» пойызы (Бішкектен 8 маусымнан бастап, ал Самарадан 10 маусымнан бастап аптасына 2 рет қатынайды);
  • 305/306 «Бішкек-Шу/Қазан» пойызы (Бішкектен 6 маусымнан бастап, Қазаннан 9 маусымнан бастап аптасына 1 рет қатынайды), дәл осы пойыз 113/114 «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясын қоса біріктіріліп қатынайды;
  • 385/386 «Бішкек-Новосібір» пойызы (Бішкектен 9 маусымнан бастап, Новосібірден 11 маусымнан бастап 8 күнде 1 рет қатынайды).

Бір атап өтерлігі, Бас санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған талаптар сақталуы шарт. Яғни, Қазақстанға теміржол көлігімен кіру үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы көрсету керек. Ол құжат берілген күннен бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспауға тиіс. Ал, коронавирустық індетке қарсы вакцинацияның немесе ревакцинацияның толық курсынан өткен адамдарға ПТР-тестінің қажеті жоқ. Бірақ, вакцинаның соңғы дозасын алу мерзімі алты айдан аспауы шарт. Бұдан бөлек, бес жасқа дейінгі балалар, үкіметтік делегациялар мен теміржолдағы тасымалдауға жауапты мамандарға ПТР-тест тапсырмауға болады. Егер жолаушыларда ПТР-тест нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациялау паспорты болмаса, онда вагонға отырғызуға жіберілмейді.

 

 

http://qazaq1913.com/2022/06/01/sh-memleketaraly-pojyz-aza-stan-ar-yly-atynajdy/?