Уыз тілек ұлтқа біткен бір жүрек- Жетпіс жаста Сəуле қызы қазақтың!

(СƏУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЖЕТПІС ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА)

Елін сүйген Ел-Анасы алаштың,
«Елім!..»-дедің түн сейілтіп таң астың.
Туған елдің туын биік көтеріп,
Ақ жолыңа нұрын төкті азат күн.

Шындық үшін шырылдадың таластың,
Аймен ару,күнмен көркем жарастың.
Уыз тілек ұлтқа біткен бір жүрек-
Жетпіс жаста Сəуле қызы қазақтың!

Шуақ шашқан ана тілек, ақ тілек,
Келеді əне, келешекке бақ тілеп.
Өмір бойы өз бақытын алау қып,
Əр Қазақтың жүрегіне жақты кеп.

Бар арманы алашының бірлігі,
Жанарында жалпақ елдің жүр мұңы.
Үш арысқа көзқуаныш бұл күнде
Жетісу мен Сарыарқаның бір гүлі.

Құтты болсын,асқар ала белесің!
Жерұйыққа желкен тартқан кемесің.
Ана жүрек-адамзаттың панасы,
Ана барда атар таңға сенесің!..

Қайырлы таң, қайырлы күн, бал ғұмыр.
Тектілерден талбойыңда қалды нұр.
Дана қызы,дара қызы қазақтың,
Апам үшін :-«..Қазақстан -Жалғыз ұл!»

Жалғызыңды жанға берме,Жан Апа!?
Аналар бар уыз тілек -тамаша!
Мерейлі жас құтты болсын -Мерекең,
Құдай қорғар, сүйген құлын қаласа!!!

Аса құрметпен, ініңіз -САБЫР АДАЙ.
ҚР. ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚАЙРАТКЕР
19.09.2016Ж.
Ақтау қаласы